Үржар аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 48-568/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қаңтарда № 6559 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазанындағы № 33-344/VI "Үржар ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-177 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2018 жылдың 15 қарашасында жарияланған) шешімі;

      2) Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 наурызындағы № 39-426/VI "Үржар ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5809 нөмірімен тіркелген, 2019 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2019 жылдың 4 сәуірінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Шевкунов
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады