Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 50-582/VI "Үржар ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 55-715/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қазанда № 7708 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 10-137/VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 11.11.2021 № 10-137/VII шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 ақпандағы №50-582/VI "Үржар ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6764 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 20 наурызында, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 2 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      1. "2020 жылға Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";

      1-тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Үржар ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Акпеков
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады