Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 385 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 6631 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 62 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 02.03.2021 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұйымдық-құқықтық нысанана және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 54 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5742 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 наурызда жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.

      4. "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулынының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Шемонаиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 5 қаңтардағы
№ 385 қаулысына 1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері

Р/с №
     

Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
                                                                  

Жұмысшылардың тізімдік саны (адам)

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектебі-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126

1%

1

2

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Ю.А. Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

1%

1

3

"Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің "Д.М. Карбышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

110

1%

1

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 5 қаңтардағы
№ 385 қаулысына 2 қосымша

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері

Р/с №

Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы
                                                               

Жұмысшылардың тізімдік саны (адам)

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Защита УБА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

130

1%

1

2

"Камышинское – 2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

188

1%

2

3

"Шемонаиха су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

3%

3

4

"Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

112

2%

2

5

"Прииртышье+" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

3%

1

6

"Сугатовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

1%

1

7

"Уба-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

3%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады