Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 62 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 наурызда № 8428 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 10.11.2023 № 377 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 385 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынның квоталарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6631 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.А. Раимбековаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  2021 жылғы 2 наурыздағы № 62
қаулысына 1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері

    №

Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы

Жұмысшылар дың тізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

1%

1

2

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Ю.А. Гагарин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1%

1

3

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Д.М. Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

1%

1

  2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 62 қаулысына 2 қосымша

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері

   №

Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы

Жұмысшылардың тізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Защита УБА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

1%

1

2

"Камышинское – 2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

188

1%

2

3

"Шемонаиха су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

118

2%

2

4

"Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

106

2%

2

5

"Шемтазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

27

3%

1

6

"Прииртышье +" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

38

3%

1

7

"Строймак" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

27

3%

1

8

"Сугатовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

122

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады