Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 10/7-VI ""Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7205 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 10/7-VI "Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4868 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Геберт
      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы А. Боровикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады