2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 6090 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3-5 шешімімен

      ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 26.03.2020 ж. жарияланды

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 19.03.2021 № 3-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған 2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-3 "2019 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №5690 тіркелген, 2019 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Потиченко
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
18 наурыздағы №33-2
шешімімен бекітілген

2020 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлем мөлшерлемелері (теңге)

1

Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 тек.м.

151,67

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 тек.м.

433,95

3

Ауыл шаруашылығы

1000 тек.м.

122,18

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 тек.м.

117,97

5

Су көлігі

1000 т.км

14,75

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      тек.м. – текше метр;

      т.км – тонна километр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады