Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №17 және Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы №40-10 бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауыл тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березов ауылдық округінің Березов ауылы таратылсын және есепті деректен шығарылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Сессия төрағасы | С. Потиченко |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |