Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 61 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 6131 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 207 қаулысымен

      Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.08.2024 № 207 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі - 25 620 000 000 (жиырма бес миллиард алты жүз жиырма миллион) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру.

      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Б. Имашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады