Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 250 "Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5812 тіркелген, 2019 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
келесі мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін таза табысты аудару мөлшері 0 (нөл) пайыз көлемінде белгіленсін.".
2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Б.Имашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А.Алпысбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |