Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 250 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қазанда № 5812 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Акцияларының 100% мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі таза табысының 10 (он) пайызы көлемінде белгіленсін.

      1-1. "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін таза табысты аудару мөлшері 0 (нөл) пайыз көлемінде белгіленсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.04.2020 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің облыстық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.

      3. Мемлекеттік органдар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің иелігінде қалған таза табыс бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру мақсатында тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Б.Имашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А.Алпысбаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады