Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 133 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 6280 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.А. Раманқұлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р. Егізбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Манкеев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
"___" мамырдағы №___
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №176 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4012 тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Орал өңірі" газетінде жарияланған).

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №194 "Батыс Қазақстан облысында кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4026 тіркелген, 2015 жылы 29 қыркүйекте "Орал өңірі" газетінде жарияланған).

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №177 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №176 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5320 тіркелген, 2018 жылы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №178 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №194 "Батыс Қазақстан облысында кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5321 тіркелген, 2018 жылы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады