Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Евразия даңғылын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 19 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 34-7 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қыркүйекте № 6349 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және Орал қаласы халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының "Евразия" даңғылы – "Абай" даңғылы деп қайта аталсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ.Исқалиев
      Сессия төрағасы Н.Серғалиев
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады