Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 "Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 6388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Орал қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 тіркелген, 2019 жылы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған Орал қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізімінде:

      № 49 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "2. № 49 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Деркөл кенті, "Сарыарқа" шағынауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 52 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 49 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Хадиша Бөкеева көшесі бойымен Бөкей хан көшесінен Роза Бағланова көшесіне дейін, Роза Бағланова көшесі бойымен Хадиша Бөкеева көшесінен Баубек Бұлқышев көшесіне дейін, Баубек Бұлқышев көшесі бойымен Роза Бағланова көшесінен Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесіне дейін, Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі бойымен Баубек Бұлқышев көшесінен Бөкей хан көшесіне дейін, Бөкей хан көшесі бойымен Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесінен Деркөл кенті "Сарыарқа" шағынауданының Хадиша Бөкеева көшесіне дейін.";

      № 214 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "5. № 214 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Зачаганск кентi, 25-Чапаевская дивизия көшесi, 2 үй, Орал қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің "№ 1 балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық қәсіпорны.

      Шекарасы: Зачаганск кентi, Сағынғали Сейітов көшесіндегі, 25-Чапаевская дивизия көшесіндегі 13, Саратов көшесіндегі 20, 22, 24, 26, Теміртау көшесіндегі 19, 19/1, 21, Жәңгір хан көшесіндегі 17, 25, 27/1, 27/2, 27/3, 29, 31, 33, 33/1, 33/2, 35 тұрғын үйлері мен Прудхоз елді мекені.";

      № 216 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "6. № 216 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Зачаганск кентi, Халел Досмұхамедов көшесі, 42 үй, Орал қаласы білім беру бөлімінің "№ 51 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Орал өзені үстіндегі көпірге апаратын жолдан бастап Жәңгір хан көшесі бойымен Сарыарқа көшесіне дейін, Сарыарқа көшесі бойымен "Зачаганский" баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасына дейін, "Зачаганский" баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасымен Орал өзені үстіндегі көпірге апаратын жолға дейін, Орал өзені үстіндегі көпірге апаратын жол бойымен Жәңгір хан көшесіне дейін.";

      № 303 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "14. № 303 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Московская көшесі, 10 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 42 "Ақ ниет" гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Сырым Датов көшесі бойымен Московская көшесінен Светлая көшесіне дейін, Светлая көшесімен Согласия көшесіне дейін, Согласия көшесімен Кеңдала көшесіне дейін, Кеңдала көшесімен Преображенская көшесіне дейін, Преображенская көшесімен Надежда көшесіне дейін, Надежда көшесімен Алмалы көшесіне дейін, Алмалы көшесімен Московская көшесіне дейін, Московская көшесімен Сырым Датов көшесіне дейін.";

      № 321 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "16. № 321 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Жеңіс" шағынауданы, 5 үй, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 3 Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: "Жеңіс" шағынауданының тұрғын үйлері.";

      № 382 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "19. № 382 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Деркөл кенті, "Сарыарқа" шағынауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 52 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 49 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Саржайлау көшесі бойымен Бөкей хан көшесінен Роза Бағланова көшесіне дейін, Роза Бағланова көшесі бойымен Саржайлау көшесінен Бөкей хан көшесіне дейін, Бөкей хан көшесі бойымен Роза Бағланова көшесінен "Сарыарқа" шағынауданының Саржайлау көшесіне дейін және Деркөл кентінің "Үміт" шағынауданының тұрғын үйлері.";

      № 401 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "21. № 401 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жезқазған көшесі, 7 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 25 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Абай даңғылындағы 111, 113, 113/1, 115, 117, 117/1, Ярославская көшесіндегі 2/3, 10, 12 тұрғын үйлер.";

      № 403 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "22. № 403 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Зачаганск кенті, Халел Досмұхамедов көшесі, 42 үй, Орал қаласы білім беру бөлімінің "№ 51 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Жәңгір хан көшесі бойымен Сарыарқа көшесінен "Зачаганский" баугерлік серіктестігінің батыс шекарасына дейін және одан әрі "Зачаганский" баугерлік серіктестігінің солтүстік шекарасы бойымен "Зачаганский" баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасына дейін, "Зачаганский" баугерлік серіктестігінің шығыс шекарасымен Сарыарқа көшесіне дейін, Сарыарқа көшесімен Жәңгір хан көшесіне дейін.";

      № 407 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "24. № 407 сайлау учаскесі – таратылсын.";

      № 437 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "39. № 437 сайлау учаскесi

      Орналасқан жері: Зачаганск кентi, Саратовская көшесi, 28 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 20 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Зачаганск кентi, Сәкен Ғұмаров көшесі бойымен "Орал-Саратов" жолдарынан Талғат Бигельдинов көшесіне дейін, Талғат Бигельдинов көшесімен Сағынғали Сейітов көшесіне дейін, Сағынғали Сейітов көшесімен Жәңгір хан көшесіне дейін (Сағынғали Сейітов көшесіндегі тұрғын үйлерді қоспағанда), Жәңгір хан көшесімен "Орал-Саратов" жолдарына дейін және Бірлік көшесіндегі 7, 7/1, 11 тұрғын үйлер.";

      № 455 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "57. № 455 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Самал көшесі, 26 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "Жалпы орта білім беретін эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Жұлдыз" шағынауданының тұрғын үйлері, Самал көшесіндегі 94, 94/1 үйлер.";

      № 480 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "82. № 480 сайлау учаскесi

      Орналасқан жері: Жамбыл көшесi, 81 үй, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.

      Шекарасы: Құныскерей көшесi бойымен Теректi көшесiнен Фабричная көшесiне дейін, Фабричная көшесiмен Жамбыл көшесiне дейін, Жамбыл көшесiмен Теректi көшесiне дейін (Айталиев көшесіндегі 7,7/1,7/2 тұрғын үйлерді қосқанда), Теректi көшесiмен Құныскерей көшесiне дейін.";

      № 481 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "83. № 481 сайлау учаскесi

      Орналасқан жері: Жамбыл көшесі, 81 үй, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.

      Шекарасы: Фабричная көшесiнен Құныскерей көшесi бойымен Қаратөбе көшесіне дейін, Қаратөбе көшесімен Жамбыл көшесiне дейін (Қаратөбе көшесіндегі 30, Жамбыл көшесіндегі 211 тұрғын үйлерді қосқанда), Жамбыл көшесiмен Фабричная көшесiне дейін, Фабричная көшесiмен Құныскерей көшесiне дейін.";

      № 488 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "90. № 488 сайлау учаскесi

      Орналасқан жері: Юрий Гагарин көшесі, 153 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Юрий Гагарин көшесі бойымен Орманшы көшесінен Сыбаға көшесіне дейін, Сыбаға көшесімен және одан әрі Орал өзені жайылмасына дейін, Орал өзені жайылмасымен Орманшы көшесіне дейін, Орманшы көшесімен Юрий Гагарин көшесіне дейін. "Речник", "Венера" баугерлік серіктестіктерінің саяжай үйлері.";

      № 505 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "107. № 505 сайлау учаскесi

      Орналасқан жері: "Строитель" шағынауданы, 8/1 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№ 5 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Строитель" шағынауданындағы 19, 19/1, 19/2, 21, 41, 42, 43, Циолковский көшесіндегі 12, 14, 16, 16/1, 18, 18/1, Матросов көшесiндегi 170 тұрғын үйлер. "Азаул" және "Солтүстік-2" шағынаудандарының тұрғын үйлері.";

      № 517 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:

      "119. № 517 сайлау учаскесі – таратылсын.".

      2. Орал қаласы әкімі аппараты басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

      "КЕЛIСIЛДI"
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясының төрағасы
___________Н.М. Беккайыр
"23" қыркүйек 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады