ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 155 "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, 2018 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (Р.Рахметуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Е.Умитовке жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауданының әкімі | К. Айтмухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Ақжайық ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқарма
басшысының міндетін атқарушы
_________________ Қ.Қапан
15 шілде 2020 жыл
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 208 қаулысымен бекітілген |
Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
Ақжайық ауданы | ||
Чапаев ауылдық округі | ||
1. | Чапаев ауылы | 2,45 |
2. | Жайық ауылы | 2,25 |
Ақжол ауылдық округі | ||
3. | Ілбішін ауылы | 2,40 |
4. | Битілеу ауылы | 1,55 |
5. | Қабыл ауылы | 2,10 |
6. | Тінәлі ауылы | 2,0 |
Ақсуат ауылдық округі | ||
7. | Ақсуат ауылы | 2,40 |
8. | Ақбұлақ ауылы | 2,0 |
Алғабас ауылдық округі | ||
9. | Алғабас ауылы | 2,35 |
10. | Тегісжол ауылы | 1,65 |
11. | Қарағай ауылы | 1,35 |
12. | Жаңажол ауылы | 2,10 |
13. | Тоған ауылы | 1,40 |
Алмалы ауылдық округі | ||
14. | Алмалы ауылы | 2,30 |
15. | Атамекен ауылы | 2,20 |
16. | Жантемір ауылы | 1,15 |
Базартөбе ауылдық округі | ||
17. | Базартөбе ауылы | 2,30 |
18. | Қадырқұл ауылы | 1,40 |
19. | Қызылжар ауылы | 1,40 |
Базаршолан ауылдық округі | ||
20. | Базаршолан ауылы | 2,30 |
21. | Есім ауылы | 1,80 |
22. | Баянтөбе ауылы | 1,55 |
Бударин ауылдық округі | ||
23. | Бударин ауылы | 2,30 |
24. | Самал ауылы | 1,85 |
25. | Коловертное ауылы | 1,70 |
Есенсай ауылдық округі | ||
26. | Есенсай ауылы | 2,25 |
27. | Кеңсуат ауылы | 2,10 |
28. | Тасоба ауылы | 1,50 |
Жамбыл ауылдық округі | ||
29. | Жамбыл ауылы | 2,05 |
30. | Үштөбе ауылы | 1,60 |
31. | Бітік ауылы | 1,75 |
32. | Дөңгелек ауылы | 1,25 |
Жаңабұлақ ауылдық округі | ||
33. | Жаңабұлақ ауылы | 2,30 |
34. | Қосшығыр ауылы | 1,15 |
Қабыршақты ауылдық округі | ||
35. | Первомай ауылы | 2,25 |
Қарауылтөбе ауылдық округі | ||
36. | Қарауылтөбе ауылы | 2,25 |
Көнеккеткен ауылдық округі | ||
37. | Көнеккеткен ауылы | 2,25 |
38. | Қамыстыкөл ауылы | 1,90 |
Құрайлысай ауылдық округі | ||
39. | Ж. Молдағалиев ауылы | 2,25 |
40. | Әтібек ауылы | 1,30 |
41. | Сайқұдық ауылы | 1,70 |
Мерген ауылдық округі | ||
42. | Мерген ауылы | 2,30 |
43. | Мойылды ауылы | 1,90 |
44. | Жолап ауылы | 1,40 |
Сарытоғай ауылдық округі | ||
45. | Жанама ауылы | 2,0 |
46. | Сарман ауылы | 1,45 |
Тайпақ ауылдық округі | ||
47. | Тайпақ ауылы | 2,35 |
48. | Томпақ ауылы | 1,80 |
49. | Шабдаржап ауылы | 2,10 |