Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 18 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 6554 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 9 "Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Бөрлі ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:

      №103 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "№ 103 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Пугачев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 20 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Пугачев ауылы, Бесағаш ауылы, Пепел және Сұлусай разъездері.".

      2. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы (А.Утепбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Нұрмақовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Сатканов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Ж .Каналин
25 қараша 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады