Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Достық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі Достық ауылының кейбір көшелері:
"Северная" көшесі - "Бейбітшілік" көшесі;
"Молодежная" көшесі - "Жастар" көшесі;
"Казахстанская" көшесі - "Қазақстан" көшесі;
"Степная" көшесі - "Әлия Молдағұлова" көшесі деп қайта аталсын.
2. Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Умиргалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г. Турганалиев |