Салық салу объектісінің Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 156 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қазанда № 6437 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған салық салу объектісінің Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №80 "Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5222 тіркелген, 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Рахимжанов

      Аты-жөні
"КЕЛІСІЛДІ"
Бөкей ордасы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
басшысы
_____________________Р. Гумаров
"3" тамыз 2020 жыл

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 12 қазандағы № 156
қаулысымен бекітілген

Салық салу объектісінің Бөкей ордасы ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуы

Аймақ коэффиценттері

Сайқын ауылдық округі

1

Сайқын ауылы

2,05

2

Большевик ауылы

1

3

Жәрмеңке ауылы

1,35

4

Шонай ауылы

1,55

Бисен ауылдық округі

5

Бисен ауылы

1,75

6

Жетібай ауылы

1,35

7

Жиекқұм ауылы

1,35

8

Көктерек ауылы

1,35

Ұялы ауылдық округі

9

Ұялы ауылы

1,75

10

Кеңой ауылы

1,25

Темір Масин атындағы ауылдық округі

11

Бөрлі ауылы

1,75

12

Тереңқұдық ауылы

1,05

Мұратсай ауылдық округі

13

Мұратсай ауылы

1,75

14

Әжен ауылы

1,25

15

Тайғара ауылы

1,25

Орда ауылдық округі

16

Хан Ордасы ауылы

1,75

17

Қарасу ауылы

1,35

18

Сейітқали ауылы

1,20

19

Үштерек ауылы

1,35

Саралжың ауылдық округі

20

Саралжың ауылы

1,75


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады