Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №105 "2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 226 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 6699 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №105 "2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5677 тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Рахимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады