Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Шалғай ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 6003 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Шалғай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шалғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Шалғай ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Первосоветская" көшесін – "Алаш" көшесі;

      "Набережная" көшесін – "Атамекен" көшесі;

      "Рабочая" көшесін – "Достық" көшесі;

      "Южная" көшесін – "Ақбидай" көшесі;

      "Садовая" көшесін – "Самал" көшесі;

      "Мирная" көшесін – "Бейбітшілік" көшесі;

      "Степная" көшесін – "Ақжол" көшесі;

      "Северная" көшесін – "Ақжайлау" көшесі;

      "Строительная" көшесін – "Мерей" көшесі;

      "Цветочная" көшесін – "Тұмар" көшесі;

      "Целинная" көшесін – "Тың игерушілер" көшесі;

      "Школьная" көшесін – "Шоқан Уәлиханов" көшесі;

      "Зеленая" көшесін – "Көктерек" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Шалғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Булекова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Кантемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады