Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 58 "Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5658 тіркелген, 2019 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауданының әкімі | Ж. Асантаев |
Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 72 қаулысына қосымша |
Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата - ана төлемақысының мөлшері
№ Р/с | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік - аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата - ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
3 жасқа дейінгі | 3 жастан 6 жасқа дейінгі | ||||||
Бөбекжай (жергілікті бюджет) | |||||||
1 | Қаратөбе ауылы | "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжайы" МКҚК | 120 | 58584 | 6000 | 7200 | |
2 | Қаратөбе ауылы | "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жазира" бөбекжайы" МКҚК | 90 | 55025 | 6000 | 7200 | |
3 | Шөптікөл ауылы | "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шұғыла" бөбекжайы" МКҚК" | 35 | 73819 | 6000 | 7200 | |
4 | Егіндікөл ауылы | Егіндікөл ауылдық округінің "Балбұлақ" бөбекжайы МКҚК | 30 | 79041 | 6400 | 8000 | |
Балалар бақшасы (жергілікті бюджет) | |||||||
5 | Қарақамыс ауылы | "Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Саралжын селолық округіндегі "Айгөлек" балабақшасы МКҚК" | 25 | 78293 | - | 8000 | |
6 | Қоскөл ауылы | "Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қоскөл ауылдық округіндегі "Қарлығаш" балабақшасы МКҚК" | 25 | 83146 | - | 8000 | |
7 | Сулыкөл ауылы | "Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балалар бақшасы" МКҚК | 25 | 67297 | - | 7200 | |
8 | Үшана ауылы | "Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Раушан" балалар бақшасы" МКҚК | 20 | 79321 | - | 7200 | |
9 | Шөптікөл ауылы | "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" КММ | 25 | 29494 | - | 8000 | |
10 | Ақтайсай ауылы | "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" КММ | 30 | 29494 | - | 8000 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|
11 | Қоржын ауылы | "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" КММ | 30 | 29494 | - | 8000 | |
12 | Жусандыой ауылы | "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" КММ | 25 | 29494 | - | 8000 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Р/с – реттік сан;
МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі.