Қазақстан Республикасының "Құқық актілер туралы" Заңының 27 бабы 2-тармағына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі:
1) Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 25-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген);
2) Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6420 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Ш. Дуйсенгалиева |