Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 5978 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №140 "Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5211 тіркелген, 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Шакиров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Халауединге жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Халелов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Тасқала ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_________________ А.Айтасов
4 желтоқсан 2019 жыл

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 13 қаңтардағы № 2
қаулысына қосымша

Тасқала ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан
жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

Тасқала ауданы

Тасқала ауылдық округі

1.

Тасқала ауылы

2,35

2.

Жігер ауылы

1,75

3.

Бірлік ауылы

2,0

Ақтау ауылдық округі

4.

Ақтау ауылы

2,2

5.

Ақкүтір ауылы

1,7

6.

Қызылбас ауылы

1,6

7.

Қараой ауылы

1,7

Амангелді ауылдық округі

8.

Амангелді ауылы

2,35

9.

Шежін-1 ауылы

2,1

Достық ауылдық округі

10.

Достық ауылы

2,2

11.

Бастау ауылы

1,95

12.

Ынтымақ ауылы

2,05

Қосшы ауылдық округі

13.

Оян ауылы

2,2

14.

Кеңжайлау ауылы

1,75

Қазақстан ауылдық округі

15.

Атамекен ауылы

2,25

16.

Қалмақшабын ауылы

1,5

17.

Алмалы ауылы

1,4

18.

Қисықсай ауылы

1,5

Мереке ауылдық округі

19.

Мереке ауылы

2,2

20.

Қалмақ ауылы

1,75

Мерей ауылдық округі

21.

Мерей ауылы

2,2

22.

Аққайнар ауылы

1,6

23.

Өркен ауылы

2,2

24.

Айнабұлақ ауылы

2,2

25.

Тоғайлы ауылы

2,2

Шежін ауылдық округі

26.

Шежін-2 ауылы

2,3

27.

Еменжар ауылы

1,5

28.

Талдыбұлақ ауылы

1,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады