Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 қаңтардағы №01-18/20 ұсынысы негізінде, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қызылкөл ауылы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 9 қазандағы №67 "Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қызылкөл ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5819 тіркелген, 2019 жылы 15 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шынғырлау ауылдық округінің әкімі | Г. Жумагазиев |