Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 22036 болып тіркелді.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес газбен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және/немесе су бұру жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 Бұйрыққа
1-қосымша
  нысан
  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болса) немесе
заңды тұлғаның атауы
тұтынушының мекенжайы,
телефоны факс және
электрондық поштасы:
___________________________
___________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____"________

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны

      Электрмен жабдықтау объектісінің (жобаланатын, қолданыстағы, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы орналасқан жері, қосу орны)

      _______________________________________________________________

      Техникалық шарттарды беру қажеттігі (қажеттісін белгілеу): уақытша электрмен жабдықтауға (құрылыс кезеңінде), тұрақты негіздегі электрмен жабдықтауға)

      Мәлімделген қуатттылық: __________________килоВатт (бұдан әрі – кВт)

      Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі) ______ Квт

      Электрмен жабдықтау сенімділігі санаты (қажеттісін белгілеу): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының сипаттамалары: ______________________________________

      Жүктеме сипаты (бір фазалы, үш фазалы)____________________________

      Электр энергиясын тұтыну сипаты (тұрақты, уақытша, маусымдық)__________________________________________________________

      Бұрын бар желілер (қажет болған жағдайда) оларды құрылыс аумағынан шығару желілерді шығару бойынша жұмыстардың көлемін (қажет болған жағдайда) жобалау кезінде ескеру қажет _________________________________

      Тапсырыс беруші қамтамасыз етеді:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына (ЭОЕ), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15045 болып тіркелген) (бұдан әрі-нормативтік техникалық құжаттар) бекітілген Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес сыртқы және ішкі электрмен жабдықтау жобасын орындау;

      электр қондырғыларын орнату қағидаларына және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес лицензияланған ұйымның монтаждау жұмыстарын орындауы;

      жабдықты сынау хаттамаларын және орындалған жұмыстар актілерін ресімдеу.

      Объектіні энергия беруші ұйымның желілеріне қосу осы техникалық шарттардың талаптарын толық көлемде орындағаннан кейін жүргізіледі.

      Бұл ретте, қуаттылықты техникалық шарттарда көрсетілгеннен асып кетуіне жол берілмейді.

      Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда:

      энергия беруші ұйыммен теңгерімдік тиесілілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы;

      объектінің орналасқан жері (қала, кент, көше);

      қуаттың рұқсат етілген коэффициенті;

      қосылу нүктелері (шағын станция, электр станциясы немесе электр тарату желісі);

      қосылатын электр тарату желілеріне (бұдан әрі – ЭТЖ) және шағын станциялар жабдығына қойылатын негізгі техникалық талаптар;

      жаңа тұтынушының пайда болуына байланысты қолданыстағы электр желісін күшейту бойынша негізделген талаптар – сымдардың қималарын ұлғайту, трансформатордың қуатын ауыстыру немесе көбейту, тарататын құрылғылардың қосымша ұяшықтарын салу;

      техникалық шарттарды беру себебі;

      техникалық шарттардың қолданылу мерзімі.

      Егер энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда, сондай-ақ тұтынушыларда жеке меншік құқығында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесі (бұдан әрі – ЭЭКЕАЖ) орнатылған трансформаторлық шағын станциялары болса, онда қосымша техникалық шарттарда төмендегі талаптар көрсетіледі:

      ЭЭКЕАЖ қолданумен электр энергиясын коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру;

      релелік қорғаныс пен автоматика, диспетчерлік басқару: телеөлшем, телебасқару мен байланыс каналдарын ұйымдастыру құралдарымен электр қондырғыларды жарақтандыру;

      реактивті қуатты өтеу.

      Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалау және салудың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.

      "Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны осы үлгілік нысанға қосымшада келтірілген.

  Электрмен жабдықтау
желілеріне қосуға арналған
техникалық шарттардың үлгілік
нысанына қосымша
  Тұтынушы:
__________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болса) немесе
заңды тұлғаның атауы
тұтынушының мекенжайы,
телефоны факс және
электрондық поштасы:
___________________________
___________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемалары

      1) қолданыстағы электрмен жабдықтаудың жай-күйіне және үш, бес-он жылға даму перспективасына шолу;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оларды жабу көздері;

      3) қуат пен электр энергиясының теңгерімдері (үш, бес-он жылға арналған қазіргі жай-күйі мен перспективасы);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) ұсынылып отырған сыртқы электрмен жабдықтау схемасының негіздемесі;

      6) іргелес электр желілерімен қоса, қарастырылып отырған ауданның электр режимдерін (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер) есептеу;

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;

      8) релелік қорғау мен автоматиканы, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу;

      11) энергия үнемдеу бойынша жоспарланған іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;

      13) тұжырымдар;

      14) сызбалар: қағидаттық схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электр режимдерін есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 Бұйрыққа
2-қосымша
  нысан
  Тұтынушы:
____________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесініңаты (болса) немесе
заңды тұлғаның атауы,
тұтынушының мекенжайы,
телефоны факс және
электрондық поштасы:
___________________________
___________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны

      Объектінің (жобаланатын, қолданыстағы, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны _________________________________________________________________

      Объектінің ауданы (шаршы метр), тұратындар саны, ыстық сумен жабдықтауды есептеу құралдарының саны (тұрмыстық тұтынушылар үшін) _____

      Техникалық шарттарды алу үшін негіздеме (қажеттісін белгілеу):

      жаңадан іске қосылатын объектілердің жылу желілеріне қосылуы;

      тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын жылу энергиясы санының (немесе жылу жеткізгіші параметрлерінің) өзгеруі;

      бұрын қосылмаған объекті жылу желілеріне қосу;

      сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      Барынша қосылатын жүктемелер:

      технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау____________________________________________________________

      Тұтыну түрлері бойынша жылу жүктемелерінің сипаттамалары (жылу энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін, техникалық паспорт) және жылу техникалық есептеме __________

      Жылумен жабдықтау көзі, жылу желілеріне қосу нүктесі, жіберілетін жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі;

      басқа тұтынушылардың жүктемелерін ескере отырып, негізгі және резервтік енгізулерді қосу нүктелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері және гидравликалық режим;

      басқа тұтынушылардың жүктемелерінің қосылу перспективасын ескере отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі (қажет болған жағдайда);

      жылуды тұтынудың барынша көп көлемі;

      қолданыстағы жылу желісінің өткізу қабілетін арттыру қажеттігі бойынша негіздеме;

      жылу желілерін салу тәсілі;

      қайтарылатын өндірістік конденсаттың мөлшері, сапасы және айдау режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы (қажет болған жағдайда);

      жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар;

      жылу-желдету және технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемесін қосудың жылу схемасы.

      Жылумен жабдықтау желілеріне қосылу келесі кезеңдерден тұрады:

      табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш беру;

      табиғи монополия субъектісінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы келіп түсетін техникалық шарттарды беруге арналған өтінішті қоса берілетін құжаттарының толықтығы тұрғысынан қарауы;

      табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге тұтынушының өтінішін табиғи монополия субъектісінің қарауы;

      табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды беруі;

      тұтынушының техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды жүргізуі;

      жұмыстың аяқталғаны және табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға дайын екендігі туралы тұтынушыны хабардар ету.

      Жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларымен регламенттелген және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалау және салудың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 Бұйрыққа
3-қосымша

      Нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы

Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны _________ ж. тіркеу нөмірі _______

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 22.04.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Объектінің толық атауы: ________________________________________

      (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және өзге)

      2. Жалпы жылытылатын аудан: _____;

      3. Көрсетілетін қызметке қосылатын объектінің мекенжайы _____________.

      4. Техникалық шарттарды беруге негіздеме (қажеттісін белгілеңіз):

      1) газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын жаңа объектілерді жобалау және кейіннен салу;

      2) қолданыстағы газбен жабдықтау жүйесінен тұтынылатын көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту;

      3) егер бұл тұтынылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сипаттамаларының өзгеруіне әкелетін болса, объектіні реконструкциялау;

      4) объектіні қайта бейіндеу.

      5. Жабдықтың негізгі сипаттамалары: газ жабдығын орнату___________.

      6. Газды тұтынудың ең көп сағаттық болжанатын шығысы ________________________ метр3/сағ.

      7. Қосу нүктесі: газ құбырының сипаттамалары (тарту типі, диаметрі миллиметрмен, қысым Мегапаскальмен (бұдан әрі – МПа)

      ____________________________________________________________.

      8. Газдың жану жылуы _________, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 420-НҚ бұйрығымен бекітілген МЕМСТ 5542-2022 "Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдар. Техникалық шарттарға" сәйкес кемінде 7600 килокалория/метр3.

      9. Газбен жабдықтау және монтаждау жұмыстарының жобасын орындауды құрылыс нормаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға (бұдан әрі – Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

      10. Қолданыстағы газ тарату желісінің өткізу қабілетін ұлғайту немесе желілердің орнын ауыстыру қажеттілігінің негіздемесі (қосудың баламалы көздері жағдайлары үшін).

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен бекітілген 4.03-01-2011 ҚР ҚН "Газ тарату жүйелеріне", Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 461 бұйрығымен бекітілген 4.03-01-2003 ХҚН "Газ тарату жүйелеріне" және Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес сыртқы газ құбырларын төсеу.

      12. Қысым реттегіштерін орнату (0,005 МПа дейінгі төмен қысымды газ құбырларынан қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде).

      13. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес сыртқы газ құбырларында ажыратқыш құрылғыларды қолдану.

      14. Тот басудан электрохимиялық қорғау шаралары (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 145-нқ бұйрығымен бекітілген 9.602-2016 МЕМСТ "Ескіру мен коррозиядан қорғаудың бірыңғай жүйесі. Жар асты құрылыстары. Коррозиядан қорғаудың жалпы талаптарға" сәйкес жерүсті болат газ құбырлары үшін, жерасты болат газ құбырлары үшін сырлау);

      15. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін типтері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) белгіленген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қажетті коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі, олардың өлшем құралдарын бастапқы немесе кезең-кезеңімен тексеру туралы құжаттары болады.

      16. Объектіні қосуды газ тарату ұйымы осы техникалық шарттардың талаптары толық көлемде орындалғаннан кейін жүргізеді.

      17. Техникалық шарттар үш жылға беріледі және оларды сәулет және қала құрылысы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ұсынады.

      Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.

      Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 Бұйрыққа
4-қосымша
  нысан
  Тұтынушы:
____________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесініңаты (болса) немесе
заңды тұлғаның атауы,
тұтынушының мекенжайы,
телефоны факс және
электрондық поштасы:
___________________________
___________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Сумен жабдықтау және/немесе су бұру саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны

      Ескерту. Үлгілік нысанға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Объектінің (жобаланатын, қолданыстағы, реконструкцияланатын) толық атауы мен мекенжайы __________________________________________________

      2. Объектінің мақсаты_____________________________________________

      3. Ғимараттың биіктігі, қабаттылығы, пәтерлер саны ___________________

1. Сумен жабдықтау

      1. Суға қажеттілік:

      ауыз су сапасындағы м3/тәулік

      оның ішінде:

      1) шаруашылық–ауыз су қажеттілігіне ______ м3/тәулік

      2) өндірістік қажеттіліктерге _____________ м3/тәулік

      оның ішінде:

      3) өндірістік қажеттіліктерге ___________ м3/тәулік

      4) суаруға _______________ м3/тәулік

      2. Өрт сөндіруге қажетті шығыс л/секунд.

      3. Шаруашылық–ауыз су құбырындағы кепілдік берілген қысым ____МПа.

      4. Қосу жүргізілсін: _______________________________________________

      5. Басқа талаптар:

      Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым тұтынушы мынадай техникалық шарттарды орындаған жағдайда қалалық су құбырынан тәулігіне _____м3 мөлшерінде су алуға рұқсат береді:

      сапалы ауыз суды технологиялық процесс бойынша ауыз су қажет болатын шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер мен өндірістік қажеттіліктерге рұқсат етіледі. Белгіленген лимиттен тыс ауыз су сапасындағы суды жұмсауға рұқсат етілмейді;

      жасыл желектерді суару үшін сапалы ауыз суды пайдалануға қатаң тыйым салынады;

      Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9-3) тармақшасында көзделген жасыл екпелерді суаруға ауызсу сапасындағы суды пайдалану;

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 40-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның суару кестесін келісуімен бассейндік аумақтық инспекциялар;

      қажет болған жағдайда, құрылысты бастамас бұрын ғимарат қабырғасынан кемінде 5 м қашықтықта құрылыс салу орнының астынан су құбырын алып тастау және бұзу жүргізу;

      қазіргі тұтынушыларды жаңадан салынған желілерден ауыстыру;

      су құбыры трассасын жерасты төсеу кезінде 5 м, магистральдық су таратқыштар Д=500 мм және одан жоғары – су құбыры желілері құбыржолдарының қабырғасынан 10 м құрайтын су құбыры желілерінің күзет аймағын қамтамасыз ету;

      күзет аймағының шегінде кез келген объектілер мен құрылыстардың құрылыс, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізуге, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автокөлік тұрақтары орнатуға, әртүрлі материалдарды жинауға, қоршаулар мен дуалдар салуға тыйым салынады, сондай-ақ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның келісімінсіз стационарлық құрылыстар орнатуға, ағаштар мен бұталар отырғызуға, жер жұмыстарына жол берілмейді;

      су құбыры және кәріз желілерінің құбырларын жөндеуге қызмет көрсету, пайдалану үшін жүріп өтуді және еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      ұйымдардың, лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың кінәсінен желілер мен олардың конструкциялары зақымданған кезде залалды өтеу толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.

      Желілердің күзет аймағында стационарлық құрылыстар орнатуға, ағаштар мен бұталарды отырғызуға, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның келісімінсіз жер жұмыстарын жүргізуге болмайды.

      Шаруашылық–ауыз су құбырындағы кепілдік қысым 0,1 МПа.

      Шаруашылық–ауыз су құбырын қосу:

      жобаланған тоңазытқыш қондырғылары, жуғыш, субұрқақтар мен бассейндер үшін айналмалы сумен жабдықтауды көздеу;

      құрылыстың жаңа технологияларын және құбырлардың жаңа материалдарын қолдана отырып, жобаны әзірлеу;

      тірек арматурасын (ысырмаларды) қолдану: қайнаған қабаттағы эпоксидті жабу жүйесін қолдана отырып, жоғары сапалы коррозияға қарсы жабыны бар тегіс өту каналы бар шарографидті шойыннан жасалған корпусы бар бұрандалы ысырма, ауыз суға арналған резеңкеленген сына, тот баспайтын болаттан жасалған бұрандалы шпиндель, коррозиядан толық қорғалған қақпақтың болттары, өндіруші зауыттан берілген кепілдік мерзімі кемінде 10 жыл;

      мынадай қайнаған қабаттағы эпоксидті жабу жүйесін қолдана отырып, жоғары сапалы коррозияға қарсы жабыны бар жоғары беріктігі бар шарографты шойыннан жасалған өрт гидранттарын қолдану;

      су құбырын пайдалануға қосу алдында сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілінің қатысуымен құбыр желісін гидравликалық сынау, жуу, хлорлау жүргізу. Аккредиттелген зертханада ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелерінің су сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне жуылатын құбырдан алынған суды зертханалық зерттеу нәтижелерін алу.

      Су құбырын гидравликалық сынау алдында сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның телеинспекция зертханасы салған су құбыры желілерін (Д=200мм және одан жоғары) телеинспекциялауды жүргізу;

      көше су құбыры желілеріне қосу (ойып салу) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілінің қатысуымен жүргізу.

      құрылыс кезеңінде жұмыс істеп тұрған тұтынушыларды үздіксіз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету.

      су өлшегіш торабы орнату.

      суық және ыстық сумен жабдықтау құбырының кіретін жерінде әрбір ғимарат пен құрылысқа, тұрғын ғимараттардың әрбір пәтеріне және қоғамдық мақсаттағы кәсіпорындарға құбырлардың тармақтарына және тұрғын, өндірістік және қоғамдық ғимараттарға жапсарлас немесе жапсарлас салынған басқа да үй-жайларға механикалық немесе магниттік-механикалық сүзгісі бар су есептегіштер орнату.

      Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда (оның ішінде пәтерлік) орнатылатын, сондай – ақ қоғамдық мақсаттағы жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларда орнатылатын суық және ыстық су есептеуіштері сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның ақпараттық-өлшеу жүйесімен үйлесімді деректерді қашықтан беру құралдарымен жабдықталған.

      Пәтерлік су есептегіштерінің кері клапаны және сыртқы тұрақты магниттердің (250 N) көмегімен есептегіштердің көрсеткіштерін басқарудан қорғанысы болуы тиіс.

      Суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері қашықтықтан радиотүсірілім кезінде деректерді беру тікелей тасымалданатын радиотерминалға (көшеден ғимаратқа кірмей) жүзеге асырылуы тиіс. Ретрансляциялық құрылғыларды радиотермал арқылы көрсеткіштерді алуға резервтік нұсқа ретінде жалпы пайдалану орындарында (кіреберістер, жертөлелер және т.б.) орнатуға жол беріледі.

      Бұл ретте әрбір қабаттағы кіреберістерде орнатылатын ретрансляциялаушы құрылғылар, ретрансляциялаушы құрылғы ретінде пәтерлік электр есептегіштер пайдаланылатын, кейіннен деректер берілетін жағдайларды қоспағанда, тұрақты электрмен қоректендіру көзінен тәуелсіз болуы тиіс PLC технологиясы бойынша.

      Осы техникалық шарттарда айтылмаған қалған барлық жағдайларда су есептеуіштері мен ақпараттық-өлшеу жүйелері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын тандау, монтаждау және пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Сумен жабдықтауға шарт жасау, шаюға пайдаланылған су көлемі үшін төлем жүргізу.

2. Су бұру

      1. Ағынды сулардың жалпы саны м3/ тәулік оның ішінде елді мекеннің су бұру жүйесіне төгінділер:

      1) фекальдық ______________ м3/ тәулік

      2) өндірістік-ластанған ___________м3/ тәулік

      3) шартты-таза _____ м3/тәулік.

      2. Өндірістік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамасы (бекітілген тазартылған ағынды суларды су объектісіне тастаудың шекті жол берілетін төгінділер тізбесіне сәйкес ластаушы заттардың қоюлылығы, РН, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, тұтанатын радиоактивті және басқа да заттардың қоюлылығы)_________________________________________________

      3. Басқа талаптар:

      Қажет болған жағдайда құрылысты бастамас бұрын қолданыстағы кәріз желілерін құрылыс салу орнының астынан ғимарат қабырғасынан кемінде 3 м қашықтыққа шығару керек. Қазіргі тұтынушыларды жаңадан салынған кәріз желілеріне ауыстыруды жүргізу.

      Кәріз трассасын жерасты төсеу кезінде 3 м, ал қысымды кәріз үшін кәріз желілерінің құюыржолдарының қабырғасынан – 5 м болатын кәріз желілерінің күзет аймағын қамтамасыз ету.

      Күзет аймағының шегінде кез келген объектілер мен құрылыстардың құрылыс, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізуге, тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автокөлік тұрақтары орнатуға, әртүрлі материалдарды жинауға, қоршаулар мен дуалдар салуға жол берілмейді.

      Су құбыры және кәріз желілерінің құбырларын жөндеуге қызмет көрсету, пайдалану үшін жүріп өтуді және еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ұйымдардың, лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың кінәсінен желілер мен олардың конструкциялары зақымданған кезде залалды өтеу толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.

      Желілердің күзет аймағында стационарлық құрылыстар орнатуға, ағаштар мен бұталарды отырғызуға, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның келісімінсіз жер жұмыстарын жүргізуге болмайды.

      Ағынды суларды ағызу: ____________________________________________

      Көлденең бағытталған бұрғылау әдісімен өздігінен ағатын кәрізді жобалауға және салуға жол берілмейді.

      Техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу үшін өнеркәсіптік дайындалған өлшенген заттар мен мұнай өнімдерінен жергілікті тазартуды орнату қажет. Сынама алу үшін бақылау құдығын орнату.

      Кафе, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану объектілері үшін өнеркәсіптік дайындалған май ұстағыш орнату қажет. Сынама алу үшін бақылау құдығын орнату қажет.

      Жиектері қарау құдығының люгі деңгейінен төмен орналасқан санитариялық аспаптарды орнату кезінде сарқынды суларды электр жетегі бар ысырма құрылғысы бар жеке шығару жолымен ағызуды жүргізу қажет.

      Мынадай болат өзекшесі бар NBR вулканизацияланған эластомерінен жасалған нығыздағышы бар қалыңдығы 250 мкм полимерлі эпоксидті жабыны бар корпусы шарографидті шойыннан жасалған; қозғалу гайкасы жезден жасалған; шпиндель және жалғастырушы элементтер, ысырманың дискісі тот баспайтын болаттан жасалған; ысырманың дискісін тазалауға арналған полимертетрафторэтилен және ұнтақ қоладан жасалған салынған бағыттағыштары бар эластомерден жасалған көлденең тығыздау бейіні; өндіруші зауыттан кепілдендірілген пайдалану мерзімі кемінде бір жыл болатын екі жақты герметикалығы бар пышақ (шиберлік) ысырмаларын қолдану.

      Кәріздік сорғы станциясын (бұдан әрі – КСС) салу қажет болған жағдайда техникалық шарттарды қосымша сұрату. КСС жобасын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен келісу.

      Құрылыс аяқталғаннан кейін қалалық кәріз желісіне қосуға дейін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның зертханасы жүргізетін кейіннен телеинспекциялаумен құбыр желісін ағыза отырып, гидравликалық сынау мен жууды жүргізу.

      Коллекторлар мен көше желілеріне қосуды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілінің қатысуымен құбыр тоғысқырлары бойынша жүргізу.

      Өтпелі құдықтардың құрылысы магистральдық желілерге қосылғанға дейін көздеу.

      Химиялық және органикалық құрамы бойынша ағызылатын сарқынды сулардың сапасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11932 болып тіркелген) Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Сарқынды сулардың шоғырлануы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлану нормаларына сәйкес келмеген жағдайда сарқынды суларды жергілікті тазартуды көздеу қажет. Тазарту құрылыстарының құрамы қосымша келісу.

      Су бұруға шарт жасау.

      Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі жобалау мен құрылыстың нормативтік мерзімдеріне сәйкес келеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады