БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 "Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8861 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 18 ақпанда № 33 (28257) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларында:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Осы Қағидалардың әрекеті "Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19985 болып тіркелген) сәйкес кеме қатынасы санатына жатқызылған жер үсті су объектілеріне қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |