"Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 22088 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

  ";

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат ("Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

  ";

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – электрондық сұрау салу);
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

  ";

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы тотализатордың жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

  ";

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
1-қосымша
  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер


р/с
Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні
1 2 3 4 5





  бұйрығына
2-қосымша
  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер


р/с
Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні
1 2 3 4 5





  бұйрығына
3-қосымша
  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер


р/с
Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні
1 2 3 4 5





  бұйрығына 4-қосымша
  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер


р/с
Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні
1 2 3 4 5






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады