"Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 22091 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. Қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатынбіліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) кіші қызмет түрлері үшін – өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/қойманың/цехтың) болуы:

      мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру;

      көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар);

      мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

      құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау;

      кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);

      көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау;

      көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;

      мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;

      құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;

      мұнай-химия өндірістерін пайдалануға

      _________________________________________________________________________;

      (өндірістік базаның техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында – жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, шарттың нөмірі мен күні)";

      3-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру үшін:

      _________________________________________________________________________;

      (негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың атауы (резервуарлар және сепараторлар)**; орналасқан жері***)

      ** кемінде екі инженерлік құрылыс пен қондырғының болуы

      *** инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі;

      2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін:

      кәсіпшілік зерттеулер үшін:

      _________________________________________________________________________;

      (ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін* (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар); орналасқан жері***)

      геофизикалық жұмыстар үшін:

      _________________________________________________________________________;

      (ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылы, сериялық нөмірі* (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар); орналасқан жері***)

      сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:

      _________________________________________________________________________;

      (сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін*; орналасқан жері***)

      * егер сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      *** ұңғыма аспаптардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін:

      көмірсутек кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу үшін:

      мамандандырылған цементтеу агрегаттарының болуы туралы

      _________________________________________________________________________;

      (цементтеу агрегаттарының атауы**, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      _________________________________________________________________________;

      (жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      көмірсутегі кен орындарында ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалау үшін:

      сынау бойынша көтергіш қондырғысының; бұрғыларды игеру, сынамалау, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы туралы

      _________________________________________________________________________;

      (ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалау бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      сыйымдылықтың болуы туралы

      _________________________________________________________________________;

      (сыйымдылықтың болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      * сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      ** кемінде екі цементтеу агрегатының болуы

      *** мамандандырылған цементтеу агрегаттарыныің, ұңғымаларды сынау, игеру, сынамалау бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін:

      сорғы агрегаттарының болуы туралы

      _________________________________________________________________________;

      (сорғы агрегаттарының** атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      * егер сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      ** кемінде екі сорғы агрегаттың болуы

      *** сорғы агрегаттарының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін:

      лицензиялық бағдарламалардың қамтамасыз етудің болуы

      _________________________________________________________________________.

      (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күні)

      кәсіпшілік зерттеулерге арналған компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын (шығыр) орнатудың болуы

      _________________________________________________________________________.

      (кәсіпшілік зерттеулерге арналған қолданылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғымалық аспаптардың атаулары, маркалары мен саны (тереңдік сынамаларды алу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын орнату (шығырлар); орналасқан жері***)

      *** техниканың және аспаптардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады