"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 22134 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 19959 болып тіркелген, 2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):

      бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке алғанда "Тарап" деп не төменде көрсетілгендей аталатын

      1) "Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі":

      ________________________________ атынан __________________________________

      негізінде әрекет ететін _________________________________________________ және

      2) "Қаржы агенттігі":

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының атынан

      ________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ арасында:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары), "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Портфельдік субсидиялау қағидалары), "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары), "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес жасалды.";

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      2) банк – Бағдарламаға/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      3)даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;

      4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      5) бірінші бағыт – шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау;

      6) екінші бағыт – кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;

      7) ислам банкі – лицензияның негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын және Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын және Бағдарламаға қатысатын заңды тұлға;

      9) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;

      10) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      11) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін Қаржы агенттігінің жарғысымен, Қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      12) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      13) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас түрінде кредит/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Бағдарламада, Тетікте, Субсидиялау қағидаларында, Портфельдік субсидиялау қағидаларында, Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында, Кепілдік беру қағидаларында және Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында айқындалған.

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен субсидиялау және кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.

      Аудару сомасы секвестрленген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қаражатты қайтару қайтару сомасы мен қаражатты қайтаруға арналған деректемелер көрсетіле отырып, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің тиісті хаты негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қаржы агенттігі:

      1) осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы Шарт бойынша ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен қажетті қаражат алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидияларды аудармауға;

      4) Субсидиялау қағидаларына, Портфельдік субсидиялау қағидаларына, Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына, Кепілдік беру қағидаларына және Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидияларды төлеуді тоқтатуға құқылы.

      4. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялар сомасын банкте/даму банкінде/ислам банкінде/лизингтік компанияда/исламдық лизингтік компанияда/банк-төлем агентінде ашылған арнайы ағымдағы шотқа аударуға;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлерді субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттілігінің туындағаны туралы хабарлауға;

      3) әрбір кепілдік беру шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті жазбаша хабарлама жіберуге;

      4) Бағдарламада/Тетікте көзделген мониторингті жүргізуге;

      5) бюджетте қаражат болған кезде кепілдік беру шартын жасауға;

      6) бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің құжаттарын қабылдауға және жобаларды қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығаруға;

      7) Бағдарлама/Тетік шеңберінде ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жіберуге міндеттенеді.

      5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) қаржы агенттігінен Бағдарлама/Тетік шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге аударылған ақшалай қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты сұратуға;

      2) қаржы агенттігінен Бағдарлама/Тетік шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге аударылған ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талап етуге құқылы.

      6. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаны/Тетікті іске асыру үшін бөлінген соманың 50%-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шоттарға аударуға және одан кейінгі төлемдерді қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асыруға;

      2) субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаны/Тетікті іске асыру үшін бөлінген соманың 50 %-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шотқа аударуға және одан кейінгі төлемдерді қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асыруға;

      3) қаржы агенттігінен хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде Кепілдік беру шартында белгіленген әрбір берілген кепілдік сомасының 20 %-ы және Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде портфельдік ішінара кепілдік беру сомасының 30 %-ы мөлшерінде кредиттерге кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударуға;

      4) қаржы агенттігінен өтінім алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделген субсидиялауға арналған қаражатты аударуға;

      5) егер өтінімде көрсетілген субсидиялауға арналған қаражат сомасы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделмеген жағдайда, өтінім алынған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және субсидиялау үшін қаражат аударуға;

      6) қаржы агенттігінің өтінімі болмаған жағдайда кәсіпкерлерді субсидиялау үшін көзделген қалған қаражатты аударуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.";

      9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (мемлекеттік мекемесі)

Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы
___________________________ қаласы
___________________________ көшесі
телефон__________________________
БСН _____________________________
ЖСК KZ _________________________
БСК _____________________________
КБЕ _____________________________
"_______________" ММ
мөрдің орны

Қазақстан Республикасы
______________________ қаласы
______________________ көшесі
телефон_____________________
Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН ________________________
ЖСК KZ ____________________
БСК ________________________
КБЕ ________________________
"_______________" АҚ
Тетік шеңберінде субсидиялау үшін
қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН ________________________
ЖСК KZ ____________________
БСК ________________________
КБЕ ________________________
"_______________" АҚ
Кепілдік беру құралы бойынша қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН ________________________
ЖСК KZ ____________________
БСК ________________________
КБЕ ________________________
"_______________" АҚ
мөрдің орны (болған жағдайда)

  ".

      2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады