Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 22142 болып тіркелді.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 26 қаңтардағы
№ 5 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесінде және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереже "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер есептеу тәртібін және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды.

      Осы Ереженің талаптары сақтандыру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына (бұдан әрі – сақтандырушы) қолданылады.";

      4, 5, 6 және 6-1-тармақттар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау кезінде сақтандыру ұйымының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий айқындайтын болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы инфляцияның болжанатын деңгейі теңбе-тең аннуитеттік төлемді индексациялау ескеріледі. Болжамдық ұлғаюды актуарий инфляция бойынша статистикалық деректердің негізінде айқындайды және экономикалық көрсеткіштердің өзгеру тәуекелдері ескеріле отырып инфляцияның соңғы 15 жылдағы нақты және болжамды деңгейлерінің орташа мәндерінің ең жоғарысынан кем болмайды.

      5. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу халықтың өлім-жітімі туралы деректер, инфляцияның болжанатын деңгейі және аннуитет шартының талаптары ескеріле отырып кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшері негізінде жүргізіледі.

      6. Сақтандырушы аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ережеге 1, 2-қосымшаларында көрсетілген, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 тіркелген "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысында (бұдан әрі – № 194 қаулы) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.

      Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады:

      1) зардап шеккен қызметкер үшін - осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілгендер;

      2) елу сегіз жастан асқан әйелдер үшін және алпыс үш жастан асқан еркектер үшін - № 194 қаулыда көрсетілгендер;

      3) он алты жастан асқан мүгедектер үшін - осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілгендер;

      4) он алты жасқа толмаған мүгедектер, кәмелетке толмағандар, оқушылар, қайтыс болған қызметкердің асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілерін, апа-қарындастарын күтумен айналысатын ата- аналары, зайыбы не басқа отбасы мүшесі үшін - нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады.

      6-1. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерінен төмен болып табылатын өлім-жітім көрсеткіштері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.

      Өлім-жітім көрсеткіштерін келісу үшін сақтандырушы уәкілетті органға өлім-жітім көрсеткіштерін қоса тіркей отырып, ерікті нысанда хат жібереді. Уәкілетті орган сақтандырушыдан хат алған күннен бастап оған күнтізбелік отыз күн ішінде өлім-жітім көрсеткіштерін қарау қорытындысы бар хат жібереді. Келісу нәтижелері оң болмаған жағдайда сақтандырушы осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерін қолданады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстары жиынтығында сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1 (бір) пайызынан аспайтындай плюс әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.".

      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 45 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарда:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, соның ішінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) актуарлық әдістер – сақтандыру резервтерін есептеген кезде актуарий пайдаланатын экономикалық-математикалық есептеу әдістері;

      2) апаттық тәуекел – баға белгілеу кезінде қолданылатын жорамалдардың айтарлықтай белгісіздігінен және төтенше және айрықша оқиғалар үшін резервтерді қалыптастырудың нәтижесінде сақтандыру міндеттемелерінің құнын жоғалту немесе қолайсыз өзгерту тәуекелі;

      3) болжамды төлемдер - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайда алушының кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін (бұдан әрі - КЕЖЖ дәрежесі) ұзартуға (қайта куәландыруға) немесе 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабына сәйкес (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеумен байланысты міндеттемесі;

      4) есептеу күні – сақтандыру резервтері есептелетін күн;

      5) ең төмен депозит сыйлықақысы (депозит сыйлықақысы) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптары олардың қайтарылмауы көзделетін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша төленуге тиіс ақша сомасы;

      6) еңбек сіңірілмеген сақтандыру сыйлықақысы – сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданылатын кезеңнің есептеу күнгі жағдай бойныша қалған кезеңіне қатысты бөлігі;

      7) индекстеу мөлшерлемесі – сақтандыру төлемінің мөлшерін жоғарылататын мөлшерлеме;

      8) келтірілген күтілетін құны – сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) не сақтандыру төлемдерінің, не шығыстардың пайыздық мөлшерлемесі және сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) есептелу күні мен түсу күні не сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өлім, мүгедектік, науқас болу ықтималдығы және солардың негізінде есептелген адамдардың болашақ өмір сүру ұзақтығымен байланысты шамалар қамтылатын кестелер (бұдан әрі – өлім-жітім, науқастық, мүгедектік кестелері) пайдаланыла отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні арасындағы уақыт кезеңі ескеріле отырып есептелген (дисконтталған) күтілетін (ықтимал) құны;

      9) келтірілген шығындар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жүзеге асырылған төлемдерінің және мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындарының сомасы;

      10) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын - сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемі жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша мәлімделген талап;

      11) нетто-сыйлықақы (бөліп төлеу кезіндегі нетто-жарналар) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге шығыстарын жабу ескерілмей сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдағаны үшін төленуге тиіс ақша сомасы;

      12) резервтік базис – өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерінің шамасына әсер ететін өлшемдер мәндерінің жиынтығы;

      13) сақтандыру залалын реттеу жөніндегі шығыстар – сақтандыру жағдайына қатысты туындаған сақтандырушының мүліктік мүддесіне келтірген залалдың (зиянның) көлемін бағалауға және оны азайтуға байланысты сараптама, консультациялық және өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қажетті ақша сомасы;

      14) сақтандыру оқиғасы – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес кейін сақтандыру жағдайы болып танылу иқтималдылығы бар оқиға;

      15) сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Талаптарға сәйкес актуарлық есеп айырысулар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері;

      16) қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі – есептеу күнгі жағдай бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша міндеттемелерінің бөлігі;

      17) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша бухгалтерлік есепте кіріс ретінде танылған сақтандыру сыйлықақысы;

      18) таза сақтандыру сыйлықақысы – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақысы;

      19) тарифтік базис – өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тарифтерінің шамасына әсер ететін өлшемдер мәндерінің жиынтығы.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Пропорция әдісі бойынша ЕСР әрбір шарт бойынша есептелген еңбек сіңірілмеген сыйлықақыларды қосу арқылы анықталады.

      Пропорция әдісімен еңбек сіңірілмеген сыйлықақы әрбір шарт бойынша есепті күні сақтандыру қорғаудың аяқталмаған қолданылу мерзімінің (күндермен) сақтандыру сыйлықақы бухгалтерлік есепте сақтандыру қорғаудың қолданылуы соңына дейін кіріс ретінде танылған күннен бастап сақтандыру қорғаудың қолданылу мерзімі (күндермен) қатынасына шарт бойынша сақтандыру сыйлықақының көбейтіндісі ретінде айқындалады:



      мұнда:

      СС – сақтандыру сыйлықақысы;

      T1 – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақы бухгалтерлік есепте сақтандыру қорғаудың қолданылуы соңына дейін кіріс ретінде танылған күннен бастап сақтандыру қорғау қолданылатын күндер саны;

      Т2 – сақтандыру сыйлықақы бухгалтерлік есепте есептеу күнге дейін (қоса алғанда) кіріс ретінде танылған күннен бастап сақтандыру қорғаудың қолданылуы аяқталған күндер саны.

      "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының нормативтік мәндеріне және пруденциялық нормативтерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесіне, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібіне және олардың Заңның 46-бабының 12-тармағына сәйкес белгіленетін ең төмен мөлшеріне (бұдан әрі – Нормативтер) сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеген кезде, қызметкерді ол еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шарты бойынша ЕСР есептеу "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру туралы заң) 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерін негізге ала отырып жүзеге асырылады.";

      11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1. Полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына келтірілген шығын шамасының, оның ішінде шығынды реттеу бойынша, тиісті қаржы жылында күшіне енген аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығыстың қатынасы ретінде есептеледі.

      Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептегенде келтірілген шығындар, оның ішінде шығынды реттеу бойынша шығысы және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті күнге дейін аяқталған қаржы жылдары бойынша ескеріледі.

      Актуарий полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде, қажет болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығындарды түзетуді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі әзірлеген және Талаптардың 15-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылатын ірі болып табылатын шығындарды айқындау жөніндегі әдістемеге сәйкес жүргізеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР екі бөліктен тұрады және мынандай формула бойынша айқындалады:

      ОМШР = ОӘМШР + ОТМШРУ, мұнда:

      ОӘМШР - Талаптардың 11-тармағында көрсетілген актуарлық әдістермен есептелетін орын алған, бірақ әлі мәлімделмеген шығындар резерві. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша қызметін 3 (үш) жылдан кем жүзеге асырған не Талаптардың 11-тармағында көрсетілген әдістермен ОӘМШР есептеу үшін деректер жеткіліксіз болған жағдайда, ОӘМШР есептеу күнінің алдындағы соңғы он екі айда күшіне енген осы сынып бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қосымша келісімдер бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақы сомасының 5 (бес) пайызынан кем емес болады.

      Актуарий шығын келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда актуарлық әдістермен ОӘМШР есептеген кезде Талаптарға 9-қосымшаға сәйкес Тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетусіз орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеудің жинақталған шығындар кестесі Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын шығындар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындар) қосу арқылы құрылады.

      Актуарий шығын келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда актуарлық әдістермен ОӘМШР есептеген кезде Талаптарға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетумен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеуінің Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетумен жинақталған шығын кестесі Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын шығындар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындар) қосу арқылы құрылады.

      Актуарий шығын келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда актуарлық әдістермен ОӘМШР есептеген кезде Талаптарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттера-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеуінің жинақталған шығындар кестесі Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын шығындар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындар) қосу арқылы құрылады;

      ОТМШР - КЕЖЖ дәрежесін белгілеуге және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған пайда алушылар бойынша есептелетін орын алған, бірақ толық мәлімделмеген шығындар резерві.

      ОТМШР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша КЕЖЖ дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға) және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты күтілетін міндеттемелерді бағалау мақсатында қалыптасады.

      ОТМШР КЕЖЖ дәрежесі белгіленген және ол бойынша қайта ұзарту (қайта куәландыру) күтілетін әрбір пайда алушы бойынша жеке айқындалатын КЕЖЖ дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты болжанып отырған төлем сомасына тең.

      ОТМШР есептеу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысымен бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесіне және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Әрбір пайда алушы бойынша болжанған төлемдерді бағалау мақсатында КЕЖЖ дәрежесін белгілеу мерзімін ұзарту, 100 (бір жүз) пайыз төлемді жүзеге асыру ықтималдылығымен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнетақы жасына жеткенге дейін жүзеге асырылады.

      Болжанған төлемдерді бағалау мақсатында ОТМШР 100 (бір жүз) пайыз ықтималдылығымен Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге құқығы бар әрбір адам бойынша қалыптастырылады.

      Актуарий, қажет болса, пайда алушының КЕЖЖ дәрежесін қайта ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына пайда алушының пайдасына аннуитеттік төлемдер жүргізілген аннуитет шартының қолданыс мерзімі өткенен кейін 2 (екі) жыл ішінде аннуитет шартын жасау жөніндегі өтініші келіп түспеген жағдайда, ОТМШР есептеуінен пайда алушы бойынша келтірген болжанған төлем сомасын алып тастайды.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді қайта сақтандыруға қабылдаған және (немесе) берген жағдайда, қайта сақтанушы Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру шартында және (немесе) делдалдар арқылы жасалатын шартта сондай өлшемдерді көрсете отырып, ОТМШР есептеу кезінде қолданылатын резервтік базис өлшемдерін ұсынады.

      Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандырушы ОТМШР есептеу кезінде қолданатын резервтік базис өлшемдерінің мәні Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандырушының резервтік базисі қайта сақтанушының резервтік базисіне қарағанда консервативті болып табылатын жағдайды қоспағанда, қайта сақтанушының ОТМШР есептеу кезінде қолданатын резервтік базис өлшемдерінің мәніне сай келеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Актуарий шығындардың даму факторларын теңестіру мақсатында ОМШР және (немесе) ОӘМШР актуарлық әдістерімен есептеу кезінде, қажет болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығындарды түзетуді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі әзірлеген ірі шығындарды айқындау жөніндегі әдістемеге сәйкес жүргізеді.

      Актуарий ірі шығындарды айқындау жөніндегі әдістемені әзірлеген жағдайда оны уәкілетті органға әзірленген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Ірі шығындарды айқындау жөніндегі әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар осындай әдістеме актуарий оған аталған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.";

      20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын шығындар бойынша есепте сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша нысанда өтініш жасаған күннен бастап не Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында және (немесе) шартта көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Егер қайта сақтандыру шартында өзгесі көзделмесе, қайта сақтанушы (цедент) қайта сақтандырушыны қайта сақтанушы (цедент) осындай өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы хабардар етеді.

      21. МРШР қайсы күн ертерек басталуына орай сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішін алған күннен бастап, қайсы күн ертерек басталуына орай сақтандыру төлемін жүзеге асыру не сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім шығару не сақтанушының сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тарту күніне дейін әрбір мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша жеке қалыптастырылады.

      мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша Талаптардың 25-тармағында белгіленген МРШР қалыптастыру үшін негіздер болмағанан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң МРШР-ны есептен шығаруға құқылы.";

      "22. Сақтанушыда (пайда алушыда) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында шығынның мөлшері туралы жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда МРШР сақтандыру төлемі үшін жеткілікті, бірақ сақтандыру жағдайларының осыған ұқсас тобы бойынша жасалған, мәндердің қайсысы көп болуына қарай алдыңғы қаржы жылында немесе алдыңғы 2 (екі) қаржы жылында төленген шағымдардың орташа мәнінен кем емес мөлшерде қалыптастырылады.

      Сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындар туралы жеткілікті ақпараты болмаған жағдайда МРШР сақтандыру төлемі үшін жеткілікті мөлшерде, бірақ мәндердің қайсысы көп болуына қарай сақтандыру жағдайларының осыған ұқсас тобы бойынша жүргізілген, өткен қаржы жылында немесе өткен 2 (екі) қаржы жылында төленген шағымдардың орташа мәнінен кем емес мөлшерде қалыптастырылады.

      Актуарий қажет болған жағдайда, төленген шағымдардың орташа (орташа нарықтық) мәнін есептеу кезінде ескерілетін, ірі болып табылатын шығынды түзетеді және оны орындаудың негіздемесі Талаптардың 4-тармағына сәйкес актуарий ұсынатын болады.

      Шығынның мөлшері туралы жеткілікті ақпарат болмауына байланысты қалыптастырылған МРШР мөлшерлері осы тармақтың екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес есептелген мөлшерлеріне қарай әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша қайта есептеледі.

      Шығынның мөлшерін растайтын құжаттар болғанда немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін МРШР мәлімделген және құжаттамалық расталған шығынның мөлшерінде қалыптастырылады.

      МРШР жалпы шамасы барлық мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қалыптастырылған МРШР қосу арқылы анықталады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Актуарий "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жазатайым жағдайлардан сақтандыру сыныбы бойынша, ауырған жағдайдан сақтандыру сыныбы бойынша, туристі міндетті сақтандыру сыныбы бойынша және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру резервтерін есептеуді Талаптардың 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде индекстеу мөлшерлемесі сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымының актуарийі инфляция бойынша статистикалық деректер негізінде айқындайтын болжанған инфляция деңгейінің мөлшерінде қолданылады.

      Индекстеу мөлшерлемесін сақтандыру ұйымының басқару органы жыл сайынғы негізде бекітеді. Қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымының басқару органы актуарий жасаған негізде, бірақ жылына екі реттен артық емес индекстеу мөлшерлемесін қайта қарайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтын талаптарын қолдану мақсаттары үшін сақтандыру ұйымының басқару органыдеп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару ұйымы түсініледі.";

      49 және 49-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Пропорционалды қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есепті күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша коэффициентінің және ЕСР-дің көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі =

RE ЕСР, мұнда:

RE коэффициенті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысына қатысына тең.

      № 304 қаулыға және Нормативтерге сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде

RE коэффициентінде қайта сақтандыру (сақтандыру) шарты бойынша цедентке, сақтандыру брокеріне не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалына комиссиялық сыйақыны және қайта сақтандыруға берілетін тәуекелдер бойынша сақтандыруды қорғауға жатпайтын қайта сақтандырушыдан, сақтандыру делдалдарға және өзге де тұлғаларға төлемдерді қоспағанда, қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есепке алынады.

      Сақтандыру брокерінің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының комиссиялық сыйақы сомасына сондай-ақ сақтандыру шарты бойынша қайта сақтанушыдан сақтандыру брокері не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы қабылдаған сақтандыру сыйлықақысы және қайта сақтандыру шарты шеңберінде қайта сақтандырушыға берілген сақтандыру сыйлықақысы арасындағы айырмасы кіреді.

      Пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес есептеледі.

      № 304 қаулыға және Нормативтерге сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттары бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес есептеледі және 0 (нөлге) тең.

      49-1. № 304 қаулыға және Нормативтерге сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде талаптарында қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен соң тиісті қайта есептеу мөлшерлемесі бойынша қайта есептелуге (түзетілуге) тиіс ең төмен депозит сыйлықақысы (немесе депозит сыйлықақысы) (бұдан әрі - ЕДС) көзделген қайта сақтандыру шарты бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі көрсетілген қайта есептеу мөлшерлемесі бойынша қайта сақтандырушыға есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасын (ЕДС болып табылмайтын) негізге ала отырып айқындалады, немесе 0 (нөлге) тең.

      № 304 қаулыға және Нормативтерге сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде талаптарында қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен соң тиісті қайта есептеу мөлшерлемесі бойынша қайта есептелуге (түзетілуге) тиіс ЕДС және (немесе) қайта сақтандыру шарты (ковернотасы) мерзімінен бұрын бұзылған кезде сыйлықақы бөлігі қайтарылмауға тиіс талабы көзделген қайта сақтандыру шарты бойынша ЕСР-дегі қайта сақтандырушының үлесі есепті күнге қайтарылмайтын сомасына 0 (нөлге) тең.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Қайта сақтандыру шарттары (қосымша келісімдер) бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі 0 (нөлге) тең сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) қайта сақтандырудың барлық талаптарын (оның ішінде қайта сақтандырушы қабылдаған сақтандыру сыйлықақысының, қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелердің, жауапкершілік лимитінің, цедент комиссиясының, сақтандыру брокері және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы комиссиясының мөлшерлерін) көрсете отырып, қайта сақтандыру (акцепт) бойынша тәуекелдерді ол (олар) қабылдағаны туралы жазбаша түрде растауы бар кезден басқа жағдайларда.

      Қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) қайта сақтандыру (акцепт) бойынша тәуекелдерді ол (олар) қабылдағаны туралы растауы ретінде қайта сақтандыру шартын алғанға дейін Заңның 17-бабының 9-тармағына сәйкес сақтандыру брокері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін және тәртібін айқындайтын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қайта сақтандыру ковернотасы не қол қою парағымен қайта сақтандыру слипі қабылданады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы тармақта көзделген кезде қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) растауы бар кезде қайта сақтандырушының мынадай сақтандыру резервтеріндегі үлесі төменде атап көрсетілген жағдайларға сәйкес келгенде құрылуы мүмкін:

      ЕСР-да:

      қайта сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау валюта бағамының өзгеруіне байланысты асып кеткен жағдайды қоспағанда, сақтандыру тәуекелін беру кезінде факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру шарты бойынша сыйлықақының мөлшерінен асып кетпейді;

      қайта сақтандыру шартында жауапкершілік көлемінің кемінде 10 (он) пайызын және сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) пайызынан астамын беру көзделмеген;

      қайта сақтандыру шарты қайта сақтандырушы мен сақтанушы тұлғаны қоспағанда, қайта сақтанушының үлестес тұлғасы және (немесе) сақтанушының үлестес тұлғасының сақтандыру сыйлықақысының бөлігін, шарт немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының табысы мен шығыстары арасындағы пайда және (немесе) оң айырманы алуы туралы шартты қамтымайды;

      сақтандыру резервтерінде:

      есеп беру күніне факультативтік қайта сақтандыру шарты бойынша, қайта сақтандырушының туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін өтеуіне байланысты, қайта сақтандырушыға немесе сақтандыру брокеріне немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалына қайта сақтандырушының сақтандыру төлемін өтеу туралы талап қойылған сәттен бастап 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен дебиторлық берешек жоқ;

      қайта сақтандырушы оффшорлық аймақтарда тіркелмеген;

      қайта сақтандырушы есепті күні Қазақстан Республикасының тыйым салынған бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енбеген.

      54. № 304 қаулыға және Нормативтерге сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерінің барлығын немесе бір бөлігін беруді көздейтін қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі 0 (нөлге) тең.

      Талаптардың 53-тармағының талаптары апаттық тәуекелдерді беруге байланысты қайта сақтандыру келісімшарттарына қолданылмайды.".

  Өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін
реттеу мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
2-қосымша
  Нысан

Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 45 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады