"Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 22156 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 237 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:

      6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 22 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу,
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
6-қосымша

"Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі);
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметты алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде/проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) МӘС бөлімшесінде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, МӘС бөлімшесіне жүгінген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды МӘС бөлімшесіне берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
проактивті қызмет арқылы:
әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттіккөрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Проактивті қызмет арқылы еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы берген міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін алғаш рет белгілеу кезінде, қызмет алушының әлеуметтік аударымдарының болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоты нөмірінің болуы).
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет МӘС бөлімшесінде:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімшелерінің (МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша;
2) көшпелі отырыстарда: көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында;
мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында;
үйде, стационарда - егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса;
3) сырттай - куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің - www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) мемлекеттік корпорацияның - www. gov4c. kz.1) тиісті өңірдің МӘС бөлімшелерінің (МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша;
2) көшпелі отырыстарда:
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында;
мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында;
үйде, стационарда - егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса;
3) сырттай - куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) мемлекеттік корпорацияның – www. gov4c. kz.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 22 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу,
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
7-қосымша

"Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2)ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8(сегіз)жұмыс күні
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде/проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Жеке адамдарға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі

7

Жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
3) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;
4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).
6) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Проактивті қызмет арқылы:
әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Мемлекеттік қызмет қағаз нысанында, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган "АХАЖ "Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде еңбекке жарамсыз асырауындағы адамдар болған жеке тұлғаның қайтыс болуын тіркеу туралы хабарламаны алған кезде, асыраушысының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісінің болуы) көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мекен-жайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 22 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу,
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
8-қосымша

"Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
2) Халықты жұмыспен қамту орталығы;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал);
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталға:
қор филиалы басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберілген, осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) халыққа қызмет көрсету орталығы – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрестіледі.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
4) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсет үшін қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Халықты жұмыспен қамту орталығына берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
Порталға:
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, электрондық өтініште көрсетілген банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы:
әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, соның ішінде "бір өтініш" қағидаты (көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде "бір өтініш" қағидаты бойынша жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жіберіледі), бойынша электрондық түрде, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы) көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – www. gov4c. kz.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 22 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу,
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
9-қосымша

"Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал);
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ прокактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда:
қор филиалы басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберілген, осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
3) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсет үшін қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға:
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы портал арқылы жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы:
әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

Проактивті қызмет арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру туралы хабарлама алу, көрсетілетін қызметті алушыда еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыстан босатудың алдыңғы күнінің алдындағы айға әлеуметтік аударымдардың болуы, "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесінде жүктілікке және босануға байланысты жұмыстан босатудың мәліметтерінің болуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы).
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 22 бұйрығына
5-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдерді
тағайындау, мөлшерін есептеу,
(айқындау), қайта есептеу,
тоқтата тұру, қайта бастау,
тоқтату сондай-ақ олардың
жүзеге асырылу қағидаларына
10-қосымша

"Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор)

2

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz) (бұдан әрі – портал).
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электронды (толықтай автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда:
Қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберілген осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
3)қорда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсет үшін қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама) – салыстырып сәйкестендіру үшін;
Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):
1) консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат;
2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар);
3) бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;
4) қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат;
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға:
Әлеуметтік төлем тағайындау үшін - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы портал арқылы тағайындауға өтініш;
әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндіні, қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы құжатты өтініш беруші электрондық өтініште көрсетілген тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
проактивті қызмет арқылы:
әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметін алу кезінде мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, баланың тууы туралы акт жазбасын тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы) жіберілген міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің - www. enbek. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - www. gov4c. kz.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады