"Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 22161 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын (бұдан әрі – Аккредиттеу) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқор" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Портал) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш береді.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында (бұдан әрі – Стандарт) жазылған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғы, көрсетілетін қызмет алушы жұмыскерлерінің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті Порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      цифлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 51 Бұйрыққа
1-қосымша
  Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға сараптама
ұйымдарын аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің
Өртке қарсы қызмет комитетінің
төрағасына
_______________________

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және

      __________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына

      аттестат беруіңізді сұраймын.

      Ұйымның орналасқан жері: _____________________________________

      Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

      туралы куәліктің № және күні

      __________________________________________________________________

      ЖСН / БСН ___________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)

      _____________________

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 51 Бұйрыққа
2-қосымша
  Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға сараптама
ұйымдарын аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша

"Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері(каналдары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
"Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқор" ақпараттық жүйесінде "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрстеу мерзімі

7 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрстеу нысаны

Электрондық.

5

Мемлекеттік қызмет көрстеу нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына аккредиттеу аттестатын беру
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс графигі

1) қызымет беруші 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден сағат 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға түскі үзіліспен.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында: www.emer.gov.kz;
2) "электрондық үкімет" веб-порталында: www.egov.kz, www.elicense.kz ескерту.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қолы қойылған электрондық сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің осы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы шешімі (үкімі) бар болса.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефондары
8 (7172) 60-21-33, бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 51 Бұйрыққа
3-қосымша
  Өрт қауіпсіздігі саласындағы
аудит жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға сараптама
ұйымдарын аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербі АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ

  № _______________________
(аккредиттеу аттестатының
нөмірі)

ОСЫ АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ

      _________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________ БЕРІЛДІ

      (ұйымның заңды мекенжайы)

      және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының

      19-2) тармақшасына сәйкес осы сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы

      аудит жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелгенін куәландырады

      Аккредиттеу аттестатын сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімінде

      тіркеу күні _________________________________________

      Төраға _________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады