"Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 ақпанда № 22165 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

      10. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары денгейдегі маман:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен бірінші санатты инженер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен екінші санатты инженер лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен инженер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта денгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім мен бірінші санатты инженерлік-техникалық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім мен екінші санатты инженерлік-техникалық лауазымдардағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім мен инженерлік-техникалық лауазымдардағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы-экономикалық білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      техникалық және кәсіптік (қаржы-экономикалық) (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

      14. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық білім) мен бірінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық білім) мен екінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық білім) мен санаты жоқ бухгалтер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) білім мен бірінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) білім мен екінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) білім мен санаты жоқ бухгалтер лауазымындағы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.";

      17-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "17. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (заң білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      20-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "20. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (заң білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

      24. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары денгейдегі маман:

      жоғары санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен бірінші санатты зертханашы лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен екінші санатты зертханашы лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен санаты жоқ зертханашы лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және бірінші санатты зертханашы лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және екінші санатты зертханашы лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және санаты жоқ зертханашы лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.";

      27-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "27. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық, заң білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.";

      30-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "30. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық, заң білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық білім) немесе кәсіптік (техникалық) орта білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

      34. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық білім) мен бірінші санатты механик лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық білім) мен екінші санатты механик лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық білім) мен санаты жоқ механик лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім мен бірінші санатты механик лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім мен екінші санатты механик лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім мен механик лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.";

      37-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "37. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласындағы білім) мен бірінші санатты психолог лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласындағы білім) мен екінші санатты психолог лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласында білім) мен психолог лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласындағы білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      40-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "40. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (экономикалық) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

      44. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) және бірінші санатты экономист лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) және екінші санатты экономист лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) және экономист лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      біліктілігі орта деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және бірінші санатты экономист лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және екінші санатты экономист лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

      екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және санаты жоқ экономист лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.";

      мынадай мазмұндағы 2-тараумен толықтырылсын:

      "2-тарау. Мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

      45. Қызметшілер лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қосымшасында көрсетілген.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 27 бұйрығына
қосымша
  Қызметшілер лауазымдарының
алфавиттік көрсеткіші барлық
қызмет салаларына ортақ
мемлекеттік мекемелер мен
қазыналық кәсіпорындар
мамандарының жекелеген
лауазымдарының біліктілік
сипаттамаларына
қосымша

Мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

р/c№

Мамандар лауазымдарының атаулары

Беті

1.

Аудармашы

3

2.

Барлық атаудағы техниктер

4

3.

Барлық атаудағы инженер

6

4.

Бухгалтер

8

5.

Заңгер

10

6.

Заң консультанты

13

7.

Зертханашы (білім беру және денсаулык сақтау ұйымдарының зертханашыларынан басқа)

14

8.

Кадр жөніндегі инспектор

16

9.

Кадр жөніндегі маман

17

10.

Механик

19

11.

Психолог (педагог-психологтан басқа)

21

12.

Социолог

23

13.

Экономист

24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады