"Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 22174 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық бюджеттен бюджеттік субсидияларды төлеу, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 1-1 қосымшада көрсетілген мөлшерден аспайды.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 5 ақпандағы
№ 32 Бұйрыққа
қосымша
  Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға, мәдени-
демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу қағидаларына
1-1-қосымша

Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердіңзалалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

Р/с№

Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %)

Ұйымдар атауы

1

2

3

1.

90 %

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КАҚ

2.

85 %

"Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" РМҚК

3.

85 %

"М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" РМҚК

4.

70 %

"М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" РМҚК

5.

85 %

"Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК

6.

90 %

"Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК

7.

95 %

"Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" РМҚК

8.

95 %

"Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК

9.

95 %

"Республикалық неміс драма театры" РМҚК

10.

90 %

"Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" РМҚК

11.

95 %

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" РМҚК

12.

90 %

"Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК

13.

90 %

"Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" РМҚК

14.

95 %

"Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" РМҚК

15.

93 %

"Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК

16.

100%

"Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры" РМҚК

17.

90 %

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" РМҚК

18.

90 %

"Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" РМҚК

19.

92 %

"Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

20.

98 %

"Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК

21.

98 %

"Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" РМҚК

22.

98 %

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК

23.

98 %

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК

24.

90 %

"Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" РМҚК

25.

95 %

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" РМҚК

26.

80 %

"Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК

27.

95 %

"Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі" РМҚК

28.

95 %

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК

29.

97 %

"Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" РМҚК

30.

90 %

"Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК

31.

98 %

"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

32.

98 %

"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

33.

98 %

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады