"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 20 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22201 болып тіркелді

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – қаржы ұйымдары) үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жеке қаржы активі – жалпы баланстық құны есепті күні қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,2%-нан (нөл бүтін оннан екі пайызынан) асатын, бірақ кемінде елу миллион теңге болатын қаржы активі немесе өзара байланысты тарапқа қойылатын талапты білдіретін қаржы активі.

      Қаржы ұйымының осы тармақшада көзделген өлшемшарттарға қосымша қаржы активін жеке активтерге жатқызуға арналған қосымша өлшемшарттарды белгілеуіне жол беріледі.

      Қаржы ұйымының қаржы активінің жалпы баланстық құнының меншікті капиталға өзге, бірақ меншікті капиталдың 0,2%-нан (нөл бүтін оннан екі пайызынан) аспайтын арақатысын айқындауына жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары үшін меншікті капитал деп бас офис шотының, резервтердің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің сомасы түсініледі;";

      24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін, сондай-ақ Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы бекітеді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты қаржы ұйымы қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      Қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей қаржы ұйымына Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Банк қызметі мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті орган қаржы ұйымына Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті органның ескертулерін қаржы ұйымы осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген хабарламаларын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      Қағидалардың 26-тармағында көзделген бір немесе бірнеше негіз бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің ережелері қаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін жойғанға дейін, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіргенге дейін қолданылмайды.";

      5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 20 Қаулыға
қосымша
  Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны www.finreg.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: Н1-ЕДБ.

      Кезеңділігі: Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне қарай.

      Есепті кезең: 20__ "____" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі:

      банктің (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей.

  Нысан
  (мың теңгемен)

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің тармағы, тармақшасы

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгенге дейінгі редакция

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі редакция

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздері және Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздеріне түсініктемелер

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшері өзгеруінің есептік бағалауы

1

2

3

4

5

6

1






2






3






      Атауы _________________________ Мекен-жайы ______________________________

      Телефон _______________________________

      Электрондық пошта мекен-жайы _____________________________

      Орындаушы ______________________                   _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)             телефон

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға

      уәкілеттік берген адам ______________________________________ ________________

                              тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)                   қолы

  Провизияларды (резевтерді)
есептеу әдістемесіне енгізілген
өзгерістер және (немесе)
толықтырулар туралы ақпарат
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат (индексі: Н1-ЕДБ, кезеңділігі: Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 1-бабының 2-1-тармағына, 250-бабының 1 және 3-тармақтарына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды банк (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде толтырады.

      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 2-бағанды толтыру кезінде Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін құрылымдық элементі көрсетіледі.

      7. 3-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесі құрылымдық элементінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенге дейінгі редакциясы көрсетіледі.

      8. 4-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесі құрылымдық элементінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі редакциясы көрсетіледі.

      9. 5-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің негізі көрсетіледі.

      10. 6-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін есептік бағалау деректері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады