"Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 22222 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұйымда мыналар болуы керек:

      1) технологиялық жабдықты немесе желілерді пайдалануға енгізу, сондай-ақ орнату және/немесе азық және азықтық қоспалардың жаңа түрлерін шығару кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар) сәйкес берілген ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

      2) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 415 бұйрық) бекітілген нысан бойынша берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);

      3) өндіріс бейіні мен көлеміне сәйкес келетін өндірістік үй-жайлар және технологиялық жабдықтың толық жиынтығы;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10505 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидалары) сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүргізетін ветеринариялық препараттарға, азықтық қоспаларға арналған мемлекеттік тіркеуі;

      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру қағидаларына (бұдан әрі – Есептік нөмірлер беру қағидалары) сәйкес берілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс обектілеріне есепке алу нөмірін есептік нөмірдің берілгені туралы растау;

      6) аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындауға құзыреттілігін куәландыратын, аккредиттеу жөніндегі орган берген өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесінің аккредиттеу аттестаты.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірінші және екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15990 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес ұйымдастыру керек.

      13. Өндіруші ғимараты мен қоршау арасында санитариялық-қорғаныш аймағы орналасады, оның өлшемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10939 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Өндірушінің өндірістік үй-жайларындағы технологиялық жабдықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген) бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларына (бұдан әрі – НТҚ келісу қағидалары) сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісілген нормативтік-техникалық құжаттамада (бұдан әрі – НТҚ) көрсетілген ветеринариялық препаратты өндіру және бақылау үшін қажетті жабдықтар мен аспаптардың тізбесіне (ерекшелігіне) сәйкес келген кезде қолдануға жол беріледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Технологиялық операциялар талап етілетін сападағы өнімді алу мақсатында өндірістік нұсқаулықтарға, НТҚ талаптарына және осы талаптарға сәйкес орындалады.";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Ветеринариялық препараттарды өндірушілер НТҚ-ны келісу қағидаларына сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісілген НТҚ талаптарын сақтауы қажет.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Өлшеулерді орындаудың стандартталмаған әдістемелерін пайдаланған кезде әдістемелер метрологиялық аттестатталуы және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі тиіс.";

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Өндірушілердің мынадай рұқсат құжаттары болуы керек:

      1) № 415 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      2) Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

      3) Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес берілген тіркеу куәлігі;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21364 болып тіркелген) бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия;

      5) ӨББ аккредиттеу аттестаты;

      6) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісіне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға Есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есептік нөмір беру туралы растау.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады