"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2021 жылғы 15 ақпандағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 22235 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14722 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерінде:

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына, өнеркәсіп санитариясы мен гигиенасы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Жұмысты орындаушылар арасында бөлу кезінде жұмыскерлердің қажетті дағдыларды меңгеруіне және тапсырмаларды орындауын жеделдетуге ықпал ете отырып, олардың біліктілігі мен тәжірибесін ескеру қажет.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. МКК жұмыскерлері еңбек және демалыс режимін, белгіленген күн тәртібін және жұмыскерлердің тұрақты жұмыс істеу қабілеті жоғары болатын күннің бірінші жартысында анағұрлым еңбек сыйымдылығын орындаумен барлық міндетті жұмыстарды регламенттеуді сақтайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы
М. Таласов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      ________________________________

      20___ жылғы "___" _______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ________________________________

      20___жылғы "___" _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады