"Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 ақпанда № 22244 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есепке алу "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысының (бұдан әрі – №1116 қаулы) негізінде жүргізіледі.

      Әлеуметтік аударымдарды есепке алу "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20849 болып тіркелген) негізінде жүргізіледі.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) негізінде жүргізіледі.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Салық кодексінің 117-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес өсімпұл салықты және бюджетке төленетін төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

      Әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармағаны үшін төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, төлеген күнді қоса алғанда, төлеудің мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есепке жазылады.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Салық кодексінің 117-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банктік шоттардан салықтардың және төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін, салық төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды және салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есепке жазылады.";

      164 және 165-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Салықтың (ҚҚС қоспағанда) және бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы жыл және алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде төленген сома мөлшерінде, Салық кодексінің 108-бабы 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3- тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.

      165. Артық төленген салық, төлемақы, алым, өсімпұл сомасы мынадай тәртіппен:

      егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосы Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде төленген сомалар қорытындысы аз немесе тең болғанда, яғни жеке шоттың оң сальдосы шегінде;

      егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосы Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде төленген сомалар қорытындысы аз немесе тең болғанда, яғни төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтаруға жатады.

      Бұл ретте артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы есепке жатқызу немесе қайтару, олар бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш берілген, салық, төлем бойынша жеке шотты ашудың бірінші күннен бастап өспелі жиынтығымен есептелген, есепке жазылған (кемітілген), төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын ескере отырып, осы жеке шот бойынша бір мезгілде мынадай:

      "Есепке жазылған" бағаны бойынша жиынтық сомасы "Кемітілді" бағаны бойынша қорытынды сомадан артық болу;

      "Төленді" бағаны бойынша жиынтық сомасы "Қайтарылды" бағаны бойынша қорытынды сомадан артық болу;

      есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жататын артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы осы салық, төлемақы, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосынан асып кетпеу шарттары сақталған кезде жүргізіледі.

      Есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатпайтын артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша алдағы төлемдердің есебіне есепке жатқызылады.";

      286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "286. Көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу мынадай тәртіпте:

      1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің – заңды тұлғаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері - ұлттық тізілімінен алып тастаған және құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алған кезде;

      Мұндай көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі.

      2) дара кәсіпкердің – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алған кезде;

      Мұндай дара кәсіпкердің жеке шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

      3) жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың - жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алған кезде;

      Жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың жеке шотын жабу жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі.

      4) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлға, тәуелді көрсетілетін қызметті алушы арқылы немесе қызметін жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын бейрезидент, - Салық кодексінің 78-бабының 1-тармағында қарастырылған негіздер бойынша;

      5) жеке тұлға:

      салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге құқықтарды тоқтатқан кезде – растау құжаттарын қоса бере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде;

      Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету кезінде – орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;

      күшіне енген сот шешіміне сәйкес қайтыс болу немесе қайтыс болды деп жариялау себебінен - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;

      Ағымдағы жылдың аяқталуы бойынша есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалардың жиынтығын жүргізгеннен кейін есеп айырысу сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.

      6) Салық кодексінің 85-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеуші көрсетілетін қызметті беруші тиісті шешім шығарған күні қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн салыған есептен шығару кезінде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу салық есептілігі бойынша бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға жасайтын және есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға Салық кодексінің 429-бабы 8-тармағында көзделген шарттар туындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етілетін есептеу Тізілімнің негізінде жүргізіледі.";

      293-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) "Артық төлем" - бюджетке салықтар мен төлемдердің түрлері, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген, банкрот деп жарияланған, көрсетілетін қызметті алушының артық төлемінен басқа, есепті күні жеке шоттарда іс жүзінде қалыптасқан, бірақ конкурстық өндіріс аяқталмаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төлем және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының артық төлемі, әрекетсіз көрсетілетін қызметті алушының жеке шотындағы артық төлемі, Салық кодексінің 48-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген, талап қоюдың ескіру мерзімінен артық есептелген артық төлем сомасы;";

      20 және 22-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жасылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 126 бұйрығына
1-қосымша
  Жеке шоттарын
жүргізу қағидаларына
20-қосымша
  нысан

_____________________________________________________ (мәліметті берген мемлекеттік органның атауы)

20__ ж. "___"____________жағдай бойынша есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы №_____________МӘЛІМЕТ

      ___________________________________________________________________ берілді

      (көрсетілетін қызметті алушының БСН/ЖСН, аты-жөні (ол болған кезде) немесе атауы

      көрсетілетін қызметті алушының __________ теңге сомасында есебі мемлекеттік

      кірістер органдарында жүргізілетін берешегі бар/есебі мемлекеттік кірістер

      органдарында жүргізілетін берешегі жоқ

Бюджеттік сыныптама коды және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер атауы

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер сомасы

Өсімпұл сомасы

Пайыздар сомасы

Айыппұл сомасы

Бересі

артық төлем (асып кету)

бересі

артық төлем

бересі

артық төлем

бересі

артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      қосылған құн салығы бойынша оң сальдо асып кету және/немесе артық төленген сома peтінде қарастырылады.

1. Бюджетке барлық берешек

теңге

2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек

теңге

3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек


4. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек

теңге

Ескертпе. Жалпы берешек сомасында көрсетілмеген:


1. салықтық тексеру нәтижелері және деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша есептелген, шағым жасау сатысындағы және шағым жасалған сомалар;

теңге

2. төлеу мерзімі өзгертілген сомалар;

теңге

3. оңалту рәсімі қолданылған сомалар

теңге

      Мәлімет________________________________ берілді

      (талап еткен жер)

      20__ж. "__"____________________________

      (берген күні)

      Қолы

      мәліметте_______ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттары көрсетілген;

      мәліметте_______ құрылымдық бөлімшесінің ақпараттары көрсетілген.

      Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі

      туралы мәліметтерге қосымша

      __________________________________________________________________________

      (мәліметті берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушының БСН/ЖСН _______________________,

      аты-жөні (ол болған кезде) немесе атауы ______________

Көрсетілетін қызметті алушының және/немесе оның құрылымдық бөлімшесінің БСН/ЖСН

Көрсетілетін қызметті алушының және/немесе оның құрылымдық бөлімшесінің атауы

БСК

Салық және төлемнің, әлеуметтік төлемдердің сомалары
(+. -)

Өсімпұл сомасы (+. -)

Пайыздар сомасы (+. -)

Айып- пұл сомасы (+. -)

Барлығы

берешек

артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 МКОК

1 МКО атауы






































Жиыны

бересі








артық төлем






































Жиыны

бересі








артық төлем








2 МКОК

2 МКО атауы































Жиыны

бересі








артық төлем






































Жиыны

бересі








артық төлем








3 МКОК

3 МКО атауы































Жиыны

бересі








артық төлем






































Жиыны

бересі








артық төлем








Бюджетке барлық берешек


Салықтар және төлемдер бойынша барлық артық төлемдер


Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек


Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша артық төлем


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың бойынша берешек


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың бойынша артық төлем


Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек


Әлеуметтік аударымдар бойынша артық төлем


      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      БСК – бюджеттік сыныптау коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      МКО - мемлекеттік кірістер органы;

      МКОК – мемлекеттік кірістер органының коды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 126 бұйрығына
2-қосымша
  Жеке шоттарын
жүргізу қағидаларына
22-қосымша

"Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақ аумағындағы аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) және құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару көрсетілетін қызметті алушы қате сомалар бойынша салықтық өтінішті және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті және құжаттарды табыс еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару, қайтаруға өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару, қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу;
қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті мемлекеттік кірістер органына есепке жатқызу;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және өсімпұлдың артық төленген сомасын, сондай-ақ салықтың, бюджетке төленетін төлемнің қате төленген сомаларын салық төлеушінің банк шотына қайтару;
салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, оны жою немесе мөлшерін азайту салдарынан салық төлеушінің банк шотына қайтару;
сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару;
мемлекеттік баждың артық төленген сомасын оны төлеу орны бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына қайтару;
қатені растамау туралы жазбаша хабарлама -мемлекеттік кірістер органы аудару кезінде қателердің бар-жоғын растамаған жағдайда;
көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін – салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалуы туралы хабарлама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) Мемлекеттік корпорация - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондау мүмкіндігі бар.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
2) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімі немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімі;
3) бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжат;
4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжат;
5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжаты;
6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – заңды күшіне енген сот шешімі;
7) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімі.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы берген кезде:
1) салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды құжат нысанындағы салықтық өтініш;
2) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – айыппұлдың заңсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімінің немесе жоғары тұрған уәкілетті органының (лауазымды тұлғаның) шешімінің электрондық көшірмесі;
3) бюджетке төленген тіркеу үшін алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-қимылдарын жасауға құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеуші орган берген құжаттың электрондық көшірмесі;
4) орманды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу үшін – орманды пайдалануға орман билетін, ағаш кесу билетін пайдаланбағандығын растайтын мемлекеттік орман иелері берген құжаттың электрондық көшірмесі;
5) бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін – оны қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті орган құжатының электрондық көшірмесі;
6) оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өтеу туралы соттың шешімі шыққан, мемлекеттік баж сомасын төлеушіге қайтару үшін – бюджетке мемлекеттік баж сомасының төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі;
7) сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжаты және заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәртебе жіберіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған жағдайда, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Салықтық өтініш көрсетілетін қызметті берушіге:
1) салықтардың, төлемдердің, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомаларын қайтару, есепке жатқызуды жүргізу үшін – салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептелген болса;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару үшін – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді қате төленген сомасы болса;
3) салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару үшін – қайтарылуға жататын айыппұл сомасы жеке шот бойынша есептелетін айыппұл сомасы болса ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бас тарту үшін:
1) есепке жатқызу:
заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;
мемлекеттік баждың төленген сомасы;
2) есепке жатқызу және қайтару:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, мыналар үшін:
жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда;
есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша мемлекеттік кірістер органына қайтару жағдайларын қоспағанда;
артық төленген (өндіріп алынған) салық, жер учаскелерін пайдаланғаны, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем сомасы – осындай салықтар, төлемдер бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі оны табыс ету күніне дейін ұзартылған жағдайда;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген аукционды өткізу қағидаларын бұзуға байланысты аукцион жеңімпазын анықтауға әсер еткен осы аукционды жарамсыз деп тану жағдайын қоспағанда, қол қойылған бонустың төленген сомасы;
талап қою мерзімінің өтуі;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының болмауы негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады