Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарындағы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидасын, Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өтудің қағидалары мен шарттарын, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының лауазымдық санаттары үшін шекті мәндерін, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қаңтарда № 9107 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 48-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, "Қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қаржы полициясы органдарындағы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлықтарын ұйымдастыру қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өтудің қағидалары мен шарттары, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының лауазымдық санаттары үшін шекті мәндері, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің аттестаттаудан өту кезінде дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Кадрлар басқармасы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Бұйрық қаржы полициясы органдарының жеке құрамына жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің (қаржы полициясының)
2013 жылғы "27" желтоқсандағы
№ 423 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында кәсіби
қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

      2. Қызметкерлерді кәсіби дайындаудың негізгі міндеттері:

      Қаржы полициясы органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік-құқықтық актілерін зерделеу және оларды жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде тәжірибелі қолдану;

      2) қызметкерлерді жедел-қызметтік міндеттердің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін шеберлік және тиімді іс-әрекеттерге үйрету;

      3) қызметкерлердің қаржы полициясы органдары нақты бөлімшелері қызметінің ерекшелігін ескере отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

      4) арнайы техника мен арнайы құралдарды қолданудағы дағдыны жетілдіру болып табылады.

2. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының мазмұны

      3. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау үшін қажет кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында кәсіби қызметтік және денешынықтыру дайындығы қызмет атқару орны бойынша жүзеге асырылады.

      4. Аумақтық қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің кәсіби және дене шынықтыру дайындығына тікелей басшылықты кадрлар бөлімшелері жүзеге асырады.

      5. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтың өтуіне қажет болған жағдайда білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ басқа да мамандар жұмылдырылады.

3. Кәсіби қызметтік дайындықты ұйымдастыру

      6. Агенттіктің кәсіби қызметтік дайындығын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері өз бетінше қызмет уақытында айына 2 реттен аз емес өткізеді.

      7. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін сабақ өткізу Жоспар-Кестесі бекітіліп, бұйрық шығарылады.

      8. Қаржы полициясы органдарының жедел бөлімшелерінің қызметкерлері үшін олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып бөлек өткізіледі. Жоспарларды Агенттік Төрағасының орынбасарлары және осындай бөлімшелердің қызметіне жетекшілік ететін аумақтық қаржы полициясы органдары басшыларының орынбасарлары бекітеді.

      Жоспарда сабақ тақырыбының, бөлімшенің атауы, сабақты өткізуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

      9. Қызметтік дайындық бойынша сабақтың дәрістік материалдарында мысалдар, жарықтандыру мәселесі бойынша халықаралық тәжірибе, сондай-ақ, проблемалық мәселелер қамтылуы керек.

      Қажеттілік бойынша визуалды қабылдау үшін слайдтармен, кесте не фото және видео-материалдармен сүйемелденуі тиіс.

      Сонымен қатар, сабақты өткізу барысында тыңдаушылардың алдында сабақ тақырыбымен байланысты жағдайлар бойынша сабаққа қатысып отырғандармен бірлесе отырып шешім қабылдайтын тактикалық міндеттер қою қажет.

      10. Дәрістік материалдардың сапалы дайындығына жауапкершілік Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық қаржы полициясы органдарының басшыларына жүктеледі.

      11. ҚПО кадрлар бөлімшелері қызметкерлердің сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады.

      12. Сабаққа қатысу кезінде қызметкерлер қызметтік дайындық сабақтарына арналған дәптерлеріне жазбалар жүргізеді. Конспекттер сабақ өткізу кезінде құпия және аса құпия мәліметтерге рұқсаттамасы бар қызметкерлер үшін құпия жазбаларды жүргізуге арналған арнайы (тігілген, нөмірленген, мөрмен белгіленген және құпиялық режимі бөлімшелерінде тіркелген) дәптерлерде жазылады.

      13. Өткізілген дәріс беру сабағының материалдары кадрлар бөлімшелерінің тиісті номенклатуралық істеріне тігіледі.

      14. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және оқ ату дайындығы қызметкерлердің өз алдына қойған қызметтік міндеттерін атқару үшін қажет дене шынықтыру дағдысын қалыптастыруға бағытталған сабақтар жиынтығынан тұрады.

4. Денешынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібі

      15. Денешынықтыру және оқ ату дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін жауапты бөлімше бекітіліп, сабақтың және оқ атысының өткізілу апта (айдың) күні, орны және уақыты белгіленеді.

      16. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері үшін жоспарлы оқ ату тоқсанына 2 рет өткізіледі.

  Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының
2013 жылғы "27" желтоқсандағы № 423 бұйрығына
2-қосымша

Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өтудің қағидалары мен
шарттары, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
лауазымдық санаттары үшін шекті мәндері, Қазақстан Республикасы
қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және
жауынгерлік даярлық бойынша нормативтері

      1. Осы Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден өтудің қағидалары мен шарттары, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының лауазымдық санаттары үшін шекті мәндері, Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтері "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарындағы лауазымдар үшін шекті мағынада тестілеуден өту, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің аттестаттаудан өту кезіндегі дене шынықтыру және әскери дайындығы бойынша нормативтерінің өту тәртібі мен шарттарын анықтайды.

      2. Тестілеуді өткізудің мақсаты теориялық білімдерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Сыбалас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі-заңнама) білуін объективті бағалау, сондай-ақ, қызметкерлердің логикалық ойлау қабілетілігін анықтау болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тестілеу олардың аттестаттаудан өту кезіндегі кәсіби дайындық деңгейін анықтау үшін өткізіледі.

      4. Тестілеуді өткізуге қаржы полициясы органдарының кадрлық бөлімшесі жауапты болып табылады. Тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз ету үшін ақпараттық технология мамандары тартылады.

      5. Аттестаттаудан өтуге жататын қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарды болдырмау, объективтілік пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және әскери дайындық бойынша нормативтерді қабылдау, тестілеуді тапсыру үшін комиссия құрылады.

      6. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

      7. Осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес аттестаттауға жататын қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің тестілеу бағдарламасында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі – Агенттік) кадрлар бөлімшесі Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, қызметтердің қызметтік ерекшелігін ескере отырып қалыптастырады.

      8. Тестілеуді өткізу орны Агенттік Төрағасының, аумақтық қаржы полициясы органдары бастықтарының шешімімен анықталады.

      9. Тестілеу компьютерлік тәртіпте, енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен дұрыс жауапты есептеу арқылы автоматты режимде өткізіледі.

      10. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері атқарып отырған лауазымдық санатына сәйкес тестілеу бағдарламасынан өтеді.

      11. Тестілеуден өту барысында тестілеудің келесі түрлері – логикалық және заңнаманы білу тесті қолданылады.

      12. Қаржы полициясы органдарының кадрлық бөлімшесі:

      1) тестілеуге тізім құрайды;

      2) қызметкерлерге тестілеудің өткізілу орны, күні және уақыты туралы хабарлайды;

      3) тестілеуге қызметкерлердің уақытында келуін бақылайды;

      4) тестілеуден бұрын ақпараттық технология мамандарымен бірлесіп талапқа сәйкес нұсқама жүргізеді.

      13. Тестілеу өткізілетін үй-жай қажетті өндірістік техникамен, жиҺазбен жабдықталады және тест тапсырушылардың ыңғайлы орналасу шарттарына сәйкес болуы қажет.

      14. Тестілеу кезінде қызметкерлерге өзге тестіленуші қызметкерлермен әңгімелесуге, қағаз және электронды тасымалдаушы ақпараттарды қолдануға, тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығып кетуге рұқсат етілмейді.

      15. Тестілеуді өткізетін жауапты тұлғалар, комиссия мүшелері тестілеу тәртібін бұзған қызметкердің тестілеуден өтуін тоқтатады, бұл жағдайда тестілеу нәтижелері жарамсыз деп танылады. Тәртіпті бұзған қызметкер тестілеуді тапсырмады деп саналады.

      16. Тестілеуден өтіп жатқан қызметкердің ойынша түсініксіз пайда болған жағдайда, ол тестілеуді өткізуге жауапты комиссия мүшелеріне жүгінеді.

      17. Аттестаттауға жататын С-FP-1, С-FP-2, С-FP-3, С-FP-4, С-FP-5, С-FP-6, С-FPО-1, С-FPО-2, С-FPО-3, С-FPО-4, С-FPО-5, С-FPО-6 лауазымдағы қызметкерлердің тестілеу бағдарламасына Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге – 130 сұрақ және логикалық ойлау тесті – 20 сұрақ, ал С-FP-7, С-FP-8, С-FP-9, С-FP-10, С-FPО-7, С-FPО-8, С-FPО-9, С-FPО-10 лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге – 100 сұрақ және логикалық ойлау тесті – 20 сұрақ кіреді. Дұрыс жауап үшін бір балл болып есептеледі. Тестілеуді өткізу уақыты 130 минут және тиісінше 100 минутты құрайды.

      18. Қазақстан Республикасының әр заңнамасын білу тесті бойынша 70% кем емес шекті мағыналарын құрайды.

      19. Егер, тестіленуші Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша сұрақтары бойынша жинаған шекті мағынаға қарамастан заңнаманы білу бойынша тестінің біреуінен шекті мағына жинамаса онда ол өтпеген деп саналады.

      20. Логикалық ойлау тесті бойынша шекті мағына белгіленбейді.

      21. Тест өткізуге берілген уақыт өткенде бағдарлама автоматты түрде жабылып қалады.

      22. Тестілеу нәтижелері автоматты түрде қызметкердің тестілеу парағында тұжырымдалып, 2 данада принтерде шығарылады және танысуы үшін тестіленуші тұлғаның қолына беріледі. Танысып болған соң тестіленуші тестілеу нәтижесі бар параққа қол қояды.

      23. Тестілеу нәтижесі бар парақта тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы, тестілеу өтетін күні, нормативтік құқықтық актілердің тізімі, тест сұрақтарының саны, дұрыс жауаптардың саны, жалпы тестілеу нәтижесі "Тесттен өтті", "Тесттен өткен жоқ" деген жазба түрінде, сондай-ақ, тестілеу нәтижелерімен танысқаны туралы қызметкердің және тестілеуді өткізген қызметкердің қолдары көрсетіледі.

      24. Тестілеу нәтижелерінің бірінші данасы тестілеуден өткен тестіленуші тұлғаға, ал екінші данасы қызметкердің аттестаттық материалдарына қосады. Аттестаттау аяқталған соң аттестаттық материалдары қызметкердің жеке ісінің екінші бөліміне қосады.

      25. Тестілеудің нәтижелері бойынша жан-жақты есеп беру тестілеу жүйесінің деректер қорында сақталады.

      26. Тестілеуден өту кезінде осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген шекті мәндерден төмен баға алған, сондай-ақ осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру және әскери дайындық бойынша бақылау нормативтерін тапсыра алмаған қызметкерлер әңгімелесуге жібермейді және аттестаттау комиссиясының шешімімен қайта аттестаттауға жатады.

  Аттестаттаудан өту кезіндегі
тестілеуден өтудің қағидалары мен
шарттарына, Қазақстан Республикасы
қаржы полициясы органдарының лауазымдық
санаттары үшін шекті мәндеріне,
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру
және жауынгерлік даярлық бойынша
нормативтеріне 1-қосымша

Аттестаттауға жататын қаржы полициясы органдарының
қызметкерлерін тестілеу бағдарламасы

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Тапсырманың саны

C-FP-1, C-FP-3 (аппарат басшысының орынбасары, Төрағаның кеңесшісі), C-FP-6 (Төрағаның көмекшісі) C-FPО-1

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

130 минутқа 7 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Арнайы бөлімшелердің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

130 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Арнайы бөлімшелердің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

130 минутқа 10 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 10 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Тергеу, оның ішінде экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бойынша, сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оныңалдын алу бойынша бөлімшелерінің құрамындағы C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

20

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

20

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі

10

130 минутқа 10 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Тергеу, оның ішінде экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бойынша, сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу бойынша бөлімшелерінің құрамындағы C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі

10

100 минутқа 10 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

20

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

130 минутқа 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Ұйымдастыру-бақылау бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

130 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Ұйымдастыру-бақылау бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Ақпараттық-талдау бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

130 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Ақпараттық-талдау бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

10

130 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

10

100 минутқа 8 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Кадрлар бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

20

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

130 минутқа 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Кадрлар бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

10

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарау бойынша, құпиялық режимін қамтамасыз ету бөлімшелерінің C-FP-2, C-FP-3, C-FP-4, C-FP-5, C-FP-6, C-FPО-2, C-FPО-3, C-FPО-4, C-FPО-5, C-FPО-6 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

20

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

20

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

130 минутқа 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 130 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша, құпиялық режимін қамтамасыз ету бөлімшелерінің C-FP-7, C-FP-8, C-FP-9, C-FP-10, C-FPО-7, C-FPО-8, C-FPО-9, C-FPО-10 санаттары үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы

20

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

100 минутқа 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша барлығы 100 сұрақ

Логикалық тест (20 минут)

10

  Аттестаттаудан өту кезіндегі тестілеуден
өтудің қағидалары мен шарттарына, Қазақстан
Республикасы қаржы полициясы органдарының
лауазымдық санаттары үшін шекті мәндеріне,
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру
және жауынгерлік даярлық бойынша
нормативтеріне 2-қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
қызметкерлерінің кезекті аттестаттаудан өту кезіндегі
денешынықтыру және әскери дайындығы бойынша бақылау
нормативтері
Ерлер үшін

Жаттығудың атауы

Бағасы

Жас топтары

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 және одан жоғары

1000 метрге жүгіру

өте жақсы

4,00

4,20

4,40

5,0

5,20

5,40

жақсы

4,20

4,40

5,0

5,20

5,40

6,10

қанағаттанарлық

4,50

5,10

5,30

5,50

6,10

6,40

100 м. (сек) жүгіру

өте жақсы

13,0

14,0

15,0

16,0

17,0

18,0

жақсы

14,0

15,0

16,0

17,0

18,0

19,0

қанағаттанарлық

15,0

16,0

17,0

18,0

19,0

21,0

Жатқан қалыпта қолды созу және бүгу

өте жақсы

35

33

30

27

25

20

жақсы

33

30

27

25

22

18

қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15


      Әйелдер үшін

Жаттығудың атауы

Бағасы

Жас топтары

21-26

27-30

31-35

36-45

45 және одан жоғары

100 м. (сек) жүгіру

өте жақсы

12

14

16

18

22

жақсы

13

15

17

19

24

қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

Шалқалай жатып денені көтеру

өте жақсы

30

28

25

22

20

жақсы

28

25

22

20

18

қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

Ату (ерлер)

      Нысана: атушының көз тұсы биіктігінде 75х75 қалқанда орнатылған (50х50) шеңберлі мишень.

      Нысанаға дейінгі ұзақтық: 25 м

      Оқ-дәрі саны: 6 (3 атып көруге, 3 сынақтық)

      Ату жағдайы: тік тұрып қолмен ұстап ату (екі қолмен де рұқсат етіледі)

      Атуға берілетін уақыт: шектелмеген

      Бағалау көрсеткіштері: 20 және одан да жоғары - "өте жақсы", 15-19 – "жақсы", 10-14 – "қанағаттанарлық".

      Баға атудың ең үздік көрсеткіштері бойынша қойылады (атып көрудің немесе сынақтық).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады