"Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22270 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 мамырда электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075-У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.";

      8-3 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. КТ күнтізбелік жылдың 20 шілдесі мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) денсаулық жағдайы бойынша № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ғимаратқа кіргізу қосу үшін пайдаланылатын кіру есіктері және КТ өткізу процесі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін пайдаланылған кітапшалар сақталған үй-жай тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК) беріледі.

      КТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 23 тамызына дейін "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК тестілеудің бейнебақылау жазбаларын талдауды жүзеге асырады.

      КТ кезінде оқуға түсушілердің осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны анықталған жағдайда, тестілеу нәтижелері жойылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы конкурс нәтижелерінің күшін жою білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады