"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;
2) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;
3) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;
4) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;
5) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектісі болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулі таралыммен дайындалған мерекелік, естелік және өзге де арнайы соғылған монеталар;
6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – бағалы металдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;
7) Ұлттық Банктің интернет-дүкені – жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға және (немесе) жеткізуге берілген тапсырыстарын орналастыруға, сатып алынатын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға ақы төлеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін орналастырылған тапсырыстың жай-күйін қарап көруге арналған Ұлттық Банктің интернет-ресурсының бөлімі;
8) Ұлттық Банктің Орталығы – ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);
9) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын аумақтық филиалы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу кезінде кассалық операцияларды жасау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қаулысымен белгіленеді.
Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталарды сату бағасы белгіленген болып табылады.
Бағалы металдардан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы монета дайындалған, бағалы металдың бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген таңертеңгі фиксинг (бағаны белгілеу) бойынша және сату күнінің алдындағы жұмыс күні ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы бойынша айқындалған бағалы металдың құнына байланысты өзгереді.
Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылатын инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы оларды жеткізу құнын және инвестициялық және коллекциялық монеталарды жеткізу жөніндегі шартта белгіленген сақтандыру алымының сомасын қосымша қамтиды.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталар 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға сатылған және сатып алынған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алатын немесе сатып алу үшін тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) идентификаттауды, сондай-ақ "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талаптарына сәйкес оларды тексеруді жүзеге асырады.
11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға сатып алған, сондай-ақ оларды сатқан кезде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері):
1) Ұлттық Банктің филиалына және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін және инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға немесе сатып алу үшін тапсыруға олардың өкілдерінің өкілеттігін растайтын жеке немесе заңды тұлғаның атынан өкілге берілген сенімхатты (бұдан әрі – сенімхат) ұсынады;
2) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатуға немесе сатып алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі.";
17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ұлттық Банктің филиалы сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды қоспағанда, және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталардың сараптамасын осындай сараптаманы жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді.
Ұлттық Банктің филиалы сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды сараптама жүргізу үшін Ұлттық Банктің Орталығына береді. Сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарға сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы осындай сараптама жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді.
Ұлттық Банктің филиалы сараптаманы жүргізуге арналған жабдықтың болмауы немесе істен шығуы себебімен сатып алу үшін қабылдаған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға сараптама жүргізе алмаған жағдайда, сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы жүргізеді.
18. Сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монета сараптамасының қорытындысы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монета сараптамасының қорытындысы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
19. Сараптаманың қорытындысы негізінде:
Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталардың;
Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың сатып алу сомасын есептеу жүргізіледі.
Бағалы металдың химиялық таза бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) АҚШ долларымен белгілеген таңертеңгі фиксинг (бағаны белгілеу) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке немесе заңды тұлғадан (олардың өкілдерінен) сатып алуы үшін қабылдау күнінің алдындағы Қазақстан Республикасындағы жұмыс күні айқындалады.
Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке немесе заңды тұлғадан (олардың өкілдерінен) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін қабылдау күнінің алдындағы Қазақстан Республикасындағы жұмыс күні айқындалады.
Бағалы металдан жасалған, теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектенген инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу сомасы инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың граммен химиялық таза салмағының құнына тең болады.
Теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектенген құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың сатып алу сомасы құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, коллекциялық монетаның әрбір құрамдас бөлігінің химиялық таза бағалы металдың граммен салмағының құнына тең болады.
Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген сату бағасынан асып кетсе, онда сатып алу сомасы оны сату бағасына тең болады.
Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы оның белгіленген құнынан аз болса, онда сатып алу сомасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның белгіленген құнына тең болады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Орталық Қағидалардың 17-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда сараптама жүргізген кезде Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде оларды сатып алуға тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) Ұлттық Банктің Орталығы дайындаған сараптаманың қорытындысын жібереді және бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алу сомасын төлейді.";
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Касенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
№ ___
Ұлттық Банк Орталығының сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монета бойынша жүргізілген сараптама қорытындысы
________ қаласы 20___ жылғы "__" ________
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | |
Заңды тұлғаның атауы | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаны алу күні | |
Сараптама жүргізу күні | |
Монетаның сипаттамасы | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның атауы | |
Номиналы (теңге) | |
Тұтастығы (иә (жоқ) | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның салмағы (грамм) | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы (грамм) | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің нақты салмағы (грамм) | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің бағалы металының түрі | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің бағалы металының сынамасы | |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің химиялық таза бағалы металының салмағы (грамм) | |
Қорытынды | |
"Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның атауы", "Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның салмағы (грамм)" және "Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы (грамм)" жолдарында тиісті монетаны дайындау туралы шешім қабылданған Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына сәйкес тұтасы монетаның атауы, салмағы және құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы көрсетіледі.
Сатып алынатын монетаға сараптама жүзеге асырған Ұлттық Банктің Орталығы қызметкерінің лауазымы |
________________ |
______________________ |
|
________________ |
_____________________ |
Қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларына 5-1-қосымша |
|
Нысан |
20___ жылғы "___" ___________
Ұлттық Банк Орталығының құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды сатып алу сомасының есебі _______________________________________________________________________________ (құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаны тапсырған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) 20___ жылғы "___" ___________
Р/с № | Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың атауы | Номиналы | Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің бағалы металының түрі |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің химиялық таза бағалы металының граммен салмағы ( сараптама қорытындысына | Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің химиялық таза бағалы металының бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушыларының қауымдастығы (LBMA) белгілеген бағалы металдардың таңғы фиксингі (баға белгілеу) | Ұлттық валютаның АҚШ долларына ресми бағамы |
Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың әрбір бөлігінің 1 (бір) грамы үшін бағасы | Құрамдас бөліктері бар бір қоллекциялық монета үшін сатып алу бағасы (теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектеу) | Дана саны (сатып алынғаны ) | Сатып алудың жалпы сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жиынтығы | ||||||||||
Жиынтығы: | ||||||||||
Барлығы: |
Сатып алынатын монетаның құнын есептеуді жүзеге асырған Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы |
_________ |
_____________________ |
Сатып алынатын монетаға сараптама жүргізуге бақылауды жүзеге асырған Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы |
_________ |
___________________ |
Сатып алынатын монетаға сараптаманы жүзеге асырған Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы |
_________ |
___________________ |
Ескертпе.
Ұлттық Банк орталығының монеталарды сатып алуға қабылдаған Ұлттық Банктің филиалына монеталарды сатып алу сомасын аударған күні (Ұлттық Банктің Орталығы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) немесе Ұлттық Банк филиалының монетаны жеке немесе заңды тұлғаға сатып алу сомасын берген күні (Ұлттық Банктің филиалы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) құжаттың күні болып көрсетіледі.