"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"___"_______ 2021 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"___"_______ 2021 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
"___"_______ 2021 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"___"_______ 2021 жыл
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 15 наурыздағы № 111 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
1. "Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8731 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 243 (28182) санында жарияланған).
2. "Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген, 2016 жылғы 05 маусымда нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 2 наурыздағы № 97 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 15002 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 275 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17192 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 495 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17566 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қазанда нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. "Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 336 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19154 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 тамызда нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).