Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22365 болып тіркелді

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 48 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарда:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "7. Клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау үшін мынадай тәсілдер қолданылады:

      1) жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      2) немесе биометриялық сәйкестендіру құралдары;

      3) немесе егер жеке тұлғаны қаржы мониторингі субъектісі бұған дейін жеке қатыса отырып сәйкестендірген жағдайда, жеке тұлғаны сәйкестендіру және аутентификаттау кезінде қаржы мониторингі субъектісі ақпарат алмасу туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк немесе Ұлттық пошта операторы шығарған төлем карточкасының деректемелері (төлем карточкасының нөмірі, қолданылу мерзімі, төлем карточкалары жүйесінің атауы);

      4) немесе мемлекеттік дерекқорлармен салыстырып тексеру арқылы жеке тұлғаның жеке басын растау;

      5) немесе әріптердің, цифрлардың немесе таңбалардың комбинациясын білдіретін бірегей сәйкестендіруші немесе клиентті сәйкестендіру үшін қаржы мониторингі субъектісі белгілеген және онымен келісілген өзге сәйкестендіруші.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау тәсілдерінің біреуін немесе жиынтығында бірнешеуін қолдануға жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау тәсілі мына жағдайлардың бірінде:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау тәсілдерінің жиынтығында біреуімен немесе бірнешеуімен;

      өмірді сақтандыру шарттарын, аннуитеттік сақтандыру шарттарын және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру ұйымдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасқан кезде;

      КЖТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдаған кезде пайдаланылады.

      Клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау тәсілін таңдауды қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асырады.".

      2. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторына (бұдан әрі – банк) қолданылады.";

      2. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ банк дербес әзірлеген күдікті операцияларды айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – банкті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге де қылмыстық әрекетке қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды басқару – банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту (көрсетілетін қызметтерге (өнімдерге), клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;

      шекті операция – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциясы;

      іскерлік қатынастар – банктің клиентке қаржылық қызметке және қаржы қызметтеріне жататын көрсетілетін қызметтерді (өнімдерді) ұсынуы бойынша қатынастар.".

      3. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына (бұдан әрі – ұйым), сақтандыру брокерлеріне және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына (бұдан әрі – сақтандыру брокері) қолданылады.";

      2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) және КЖ/ТҚҚ туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым және сақтандыру брокері дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілерін ескере отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге жататын клиенттің операциясы (мәмілесі);

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) – ұйымды және (немесе) сақтандыру брокерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту мүмкіндігі;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару) – ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту (өнімдерге/көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;

      4) шекті операция – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциясы;

      5) іскерлік қатынастар – ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентке ұйымның сақтандыру қызметіне және (немесе) сақтандыру брокерінің брокерлік қызметіне қатысты қызмет көрсетуі (өнім беруі) бойынша қатынастар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады