"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын беру туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 598 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15738 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |