Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15738 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 122 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.03.2021 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрде көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 598 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру және оның сипаттамасы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын айқындайды.

      2. Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің куәлігі) олардың мемлекеттік лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Министрліктің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшісінің куәлігі осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сипаттамаға келеді.

      4. Сипаттамаға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған Министрліктің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшісінің куәлігі жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің куәлігін беру тәртібі

      5. Министрлік мемлекетті қызметшісінің куәлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріне, ведомстволар басшыларының орынбасарларына, ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларына - жауапты хатшының;

      2) ведомстволардың мемлекеттік қызмешілеріне - ведомство басшысының;

      3) ведомстволардың аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік қызметшілеріне - ведомстволардың аумақтық бөлімшесі басшысының қолтаңбасымен беріледі.

      6. Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің куәлігі мемлекеттік қызметші лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) өзгертілген кезде, сондай-ақ бұрын берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде оларға жеке қол қойғызу арқылы беріледі.

      7. Кадр қызметі Министрлік мемлекеттік қызметшісінің куәлігін тапсырған кезде барлық қызметкерлерге оларды пайдалану бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.

      8. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, жұмыстан шығарылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) және бүлінген кезде, мемлекеттік қызметші тиісті бұйрық шыққан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің куәлігін алған жеріне тапсырады.

      9. Министрліктің мемлекеттік қызметшісі куәлігін беру мен қайтаруды тиісті кадр қызметі жүргізеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырады.

      10. Мемлекеттік қызметші куәлігін жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда үш жұмыс күні ішінде тиісті кадр қызметіне жазбаша нысанда хабарлайды және Министрліктің мемлекеттік қызетшісі жоғалтқан куәлігінің жарамсыздығы туралы хабарландыруды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      11. Министрлік мемлекеттік қызметшісінің куәлігін, басқа тұлғаларға беру нәтижесінде болған жоғалту немесе бүлдіру, сондай-ақ оны жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша тиісті кадр қызметі қызметтік тексеру жүргізу туралы бұйрық дайындайды.

      12. Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің куәліктерін есептен шығаруды және жоюды жауапты кадр қызметі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған актіні жасай отырып, жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің қызметтік
куәлігін беру және оның
сипаттамасы қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Күрең қызыл түсті винилден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "Куәлік" деген жазбасы бар.

      2. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x190 миллиметр, ішбеті (форматы 62x88 миллиметр) бар. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, Министрліктің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі. Оң жақ төменгі жағында куәліктің берілген күні мен қолданыс мерзімі болады.

      3. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдар Министрліктің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісінің куәліктеріне қол қояды және Министрліктің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің елтаңбалы мөрлерімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің қызметтік
куәлігін беру және оның
сипаттамасы қағидаларына
2-қосымша

Министрліктің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Қызметкер куәлігінің нөмірі

Беру күні

Куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы









      Ескертпе: журнал тігіледі, нөмірленеді, жауапты адаммен қол қойылады, мөрмен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің қызметтік
куәлігін беру және оның
сипаттамасы қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ұйымның атауы АКТ

      __________________             № _________                   _____________

      жасалу орны                                                       күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар

      болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және

      даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларының 12-тармағының негізінде

      мемлекеттік қызметшілерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын

      жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға қайта

      тағайындалуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:

      _____________________________________                         ____________

            (Лауазымның атауы) қолы

      _____________________________________                         ____________

            (Лауазымның атауы) қолы

      _____________________________________                         ____________

            (Лауазымның атауы) қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады