"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22414 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпанындағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары бекітілсін.";

      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 265 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 140 бұйрығымен
бекітілген

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-1 бабына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін айқындайды.

      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру үшін айқындайды.

      4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды дербес бөледі.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстардың бірінші кезектегі басымдығын дербес айқындайды.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістердің болжамы екінші кезеңде көрсеткіштерді жақсарту жағына өзгерген және (немесе) тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгізілуі мүмкін.

2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау

      5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды Кодекстің 65-1-бабына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.

      6. Стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының негізінде айқындалады.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен кезеңдегі бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері аумақтарды дамыту бағдарламалары мен мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.

      7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жылдар бойынша бөле отырып, бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы үш жылдық кезеңге айқындалады.

      Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған лимиттер әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгеруін ескере отырып, кезекті жоспарлы кезеңге арналған лимиттерді айқындау кезінде өзгеруі мүмкін.

      Макроэкономикалық болжам және экономиканың өсуі бойынша болжам азаю жағына өзгерген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша тиісті жылға арналған номиналды Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) немесе Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) болжамды өсімінен асатын бекітілген жоспардан аспауға тиіс.

      Бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілмейді.

      8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:

      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;

      2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;

      3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;

      4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;

      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;

      7) мемлекеттік бағдарламалардың іс-шаралары;

      8) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оны алдын ала бағалауы;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер есепке алынады.

      Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша стратегиялық жоспарлар, өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттар есепке алынады.

      9. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде лимиттердің құрамында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқа шығыстарға қайта бөлуге жатпайтын бюджеттің мынадай шығыстары жеке бөлінеді:

      1) іске асырылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен көзделген жобалар бойынша шығыстар;

      2) бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алып қоюлар;

      3) үкіметтік борышқа немесе жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      4) мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерві;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резерві;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар.

      10. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді есепке алмай айқындалады.

      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі ескеріле отырып айқындалады.

      Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері ескеріледі.

      11. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірінші кезеңінде мақұлданған болжамда көрсетілген жоспарлы кезеңге арналған бюджет шығыстарының болжамына сүйене отырып, ағымдағы шығыстардың және жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының жалпы лимиті айқындалады. Ағымдағы шығыстар мен үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының жалпы лимиті номиналды ЖІӨ-нің (ЖӨӨ) және соңғы пайдалану бойынша оның құрамдауыштарының болжанатын көлемін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.

      12. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттің базалық шығыстарына сүйене отырып айқындалады.

      Шығыстар лимиттерін айқындау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Кодекстің 67-бабына сәйкес бюджеттік өтінімнің құрамында есеп айырысулар берілмейтін базалық шығыстардың тізбесін айқындайды.

      Базалық шығыстар тізбесін айқындау шеңберінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы әкімшілік шығыстарды қоспағанда, тұрақты сипаттағы шығыстарды қарайды.

      13. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиті құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды.

      Ағымдағы әкімшілік шығыстары деп мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығыстар түсініледі.

      14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде есептеледі.

      Бұл ретте, ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті, олар бойынша ағымдағы әкімшілік шығыстар лимиттері мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламаның құрамында шығыстардың жекелеген бағыты бойынша есептелетін, жедел-іздестіру қызметін, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, және күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін олардың мекемелерін қоспағанда, "Ағымдағы әкімшілік шығыстар" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша есептеледі.

      15. Мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті мынадай ағымдағы әкімшілік шығыстарды есептеу жолымен айқындалады:

      1) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеуге есеп "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының (бұдан әрі – ШЭС) 110-кіші сыныбының ерекшеліктері) штат саны лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына сәйкес тиісті және келесі жылдарға арналған штат санының бекітілген лимиттерінен тыс олар бойынша қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда сақталатын басшы қысқартқан мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге есеп мемлекеттік орган басшысының штат санын, штат кестесін қысқарту туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның штат санының лимиттері қысқартылған кезде мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады. Мемлекеттік органға сақталатын қаражат мөлшері, ақшалай қаражатты аудару/жіберу бойынша банктердің қызметтерін (ШЭС-тың 110 және 120-кіші сыныптарының ерекшеліктері мен 159-ерекшелігі) қоса, қысқарған сәтке тіркеледі және келесі жылдарға өзгертусіз сақталады.

      3) жұмыс берушілердің жарналарына есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (ШЭС-тың 120-кіші сыныбының ерекшеліктері);

      4) мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсетуге есеп "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (бұдан әрі – № 179 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларынжәне ағымдағы қаржы жылындағы шарттар мен тауар бірлігі үшін құнын негіздеуші құжаттардың көшірмелерін ескере отырып, автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қарауға арналған шығыстарды қоса алғанда (ШЭС-тың 153 және 169-ерекшеліктері), автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын есепке ала отырып жүзеге асырылады;

      5) қызмет бабындағы iссапарларға есеп "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес (ШЭС-тың 161-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      6) телефон байланысы қызметтеріне есеп 179-бұйрыққа сәйкес заттай нормаларды және телефон байланысымен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын (ШЭС-тың 152-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;

      7) коммуналдық қызметтерге есеп "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысына (бұдан әрі – № 1118 қаулы) сәйкес заттай нормаларды, шарттардың көшірмелерін (ШЭС-тың 151-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;

      8) ғимараттарға қызмет көрсетуге есеп № 1118 қаулыға сәйкес заттай нормаларды, шарттар көшірмелерді (ШЭС-тың 159-ерекшелігі) есепке ала отырып жүзеге асырылады;

      9) кеңсе тауарларына есеп заттай нормаларды және (немесе) тауардың бірлігі үшін құнын негіздейтін құжаттарды есепке ала отырып (ШЭС-тың 149-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      10) отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға есеп № 1210 қаулыға сәйкес (ШЭС-тың 144-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      11) үй-жайды жалға алу төлеміне есеп үш баға ұсынысын есепке ала отырып және жасасқан шарттарға сәйкес (ШЭС-тың 154-ерекшелігі) жүзеге асырылады;

      12) өзге ағымдағы шығыстарды төлеуге (ақшалай қаражатты аудару/жіберу бойынша банктердің қызметтерін, ШЭС-тың 159-ерекшелігі) жүзеге асырылады.

      16. Келесі жоспарлы кезеңге арналған ағымдағы әкімшілік шығыстардың лимитін айқындау кезінде орталық мемлекеттік органдар құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және штат санының лимиттері өзгерген жағдайда, қайта ұйымдастырылатын, жаңадан құрылған да республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:

      1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы қаржы жылына бекітілген штат кестесі және жоспарлы кезеңге арналған штат кестесінің жобасы;

      2) "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес нысандар бойынша ағымдағы әкімшілік шығыстардың көлемі бойынша негізделген есептер;

      3) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік органдардың көліктік қызмет көрсетуге, коммуналдық қызметтер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған шығыстар бойынша шарттардың көшірмелері, кеңсе тауарлары бойынша тауар бірлігі үшін құнды негіздейтін құжаттар.

      Егер ағымдағы әкімшілік шығыстардың көлемі өзгермеген жағдайда кейінгі жоспарлы кезеңдерге лимитті айқындау үшін растау құжаттары ұсынылмайды.

      17. Тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін қысқарту кезінде бекітілген штат санының лимиттеріне сәйкес есептелген жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшері тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың тиісті және кейінгі жылдарға арналған мөлшерінде сақталады.

      18. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін есептеу үшін база ретінде ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген (нақтыланған) жоспар, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген жоспар пайдаланылады.

      19. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері мына формула бойынша есептеледі:

      Лимит t = Ағымдағы шығыстар t + Даму бюджеті t,

      Мұндағы

      Лимит t – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының лимиті;

      Ағымдағы шығыстар t – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына шығыстар бойынша лимит;

      Даму бюджеті t – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит.

      20. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерін есептеу үшін әрбір әкімші үшін шығыстар мынадай санаттарға топтастырылады:

      1) ағымдағы шығыстар:

      тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар;

      күрделі шығындар;

      2) бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары.

      Тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды;

      мемлекеттік тікелей міндеттемелерді;

      шығыстардың көлемі бойынша негіздемелерді талап ететін мемлекеттік міндеттемелерді қамтиды.

      Күрделі шығындар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты күрделі шығындарды;

      мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты күрделі шығындарды қамтиды.

      Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары:

      республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды;

      төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қамтиды.

      21. Ағымдағы шығыстар бойынша лимиттерді есептеу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес тиісті жылға болжанатын инфляция деңгейі, сондай-ақ жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына бекітілген шығыстар көлемі есепке алынады.

      22. Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит мына формулаға сәйкес есептеледі:

      Даму бюджеті t = Жалғасатын республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар t + Жалғасатын бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері t.

      Жалғасатын бюджеттік инвестициялар шығыстарының лимиті іске асырылуы ағымдағы немесе өткен қаржы жылдарында басталып кеткен бюджеттік инвестициялар бойынша бюджетте көзделген қаражат ескеріле отырып айқындалады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы жоқ бюджеттік инвестициялар есепке алынбайды.

      23. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар лимитін айқындау кезінде республикалық, облыстық немесе аудандық бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша пул айқындалады.

      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул мына формула бойынша айқындалады:

      НДТП t= ЖДБ t х К t-1,

      Мұндағы,

      НДТП t – тиісті қаржы жылына арналған төмен тұрған бюджеттің нысаналы даму трансферттері бойынша пул;

      ЖДБ t – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).

      Бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарын айқындау кезінде тиісті үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша нақтыланған жоспары ескеріледі.

      К t-1 – нысаналы даму трансферттері түрінде жоғары тұрған бюджеттен тартылған, бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттен (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде) бөлінген бір теңгеге теңге санын айқындайтын коэффициент.

      Осы коэффициент ағымдағы қаржы жылында қалыптасқан жоғары тұрған бюджеттің нысаналы даму трасферттерінен жергілікті бюджеттердің меншікті даму бюджетінің тәуелділігін айқындайды және мына формула бойынша есептеледі:

      К t-1 = НТ t-1 / ЖДБ t-1

      Мұндағы,

      НТ t-1 – жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері;

      ЖДБ t-1 – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).

      Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері пулын айқындау кезінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың пулы жеке бөлінеді.

3-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік комиссияларда қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дейін жеткізу

      24. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін енгізеді.

      25. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалады.

      Тиісті бюджет комиссиясы мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бес күн мерзімде пысықтайды.

      26. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып айқындалған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттеріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік өтінім құрамындағы есептер берілмейтін базалық шығыстар тізбесін қоса береді.

  Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстарының
лимиттерін айқындау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттер ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

  мың теңге

Атауы

Жоспарлы кезеннің бірінші жылы

Жоспарлы кезеннің екінші жылы

Жоспарлы кезеннің үшінші жылы

1

2

3

4

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиті, онын ішінде:




Мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті




тізім бойынша негізгі шығындар




Қайта бөлуге жатпайтын шығыстар




  Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстарының
лимиттерін айқындау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттер ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

  мың теңге

Атауы

Жоспарлы кезеннің бірінші жылы

Жоспарлы кезеннің екінші жылы

Жоспарлы кезеннің үшінші жылы

1

2

3

4

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиті, онын ішінде:




қайта бөлуге жатпайтын шығыстар




  Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстарының
лимиттерін айқындау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Бюджеттік өтінімде есептеулер ұсынылмайтын базалық шығындардың тізбесі ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)

  мың теңге

Бюджеттік бағдарлама коды

Бюджеттік кіші бағдарлама коды

Базалық шығындардың тізбесі

Жоспарлау кезеңінің бірінші жылы

Жоспарлау кезеңінің екінші жылы

Жоспарлау кезеңінің үшінші жылы

1

2

3

4

5

6














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады