БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 маусымдағы № 207-208 (27481-27482) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сенімхат бір жұмыс күні мерзіміне беріледі, оған Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылған, ауырған кезде, басқа да форс-мажорлық жағдайларда);";
8) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысымен жазбаша келісілгеннен кейін түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеуді жеделдеткені үшін алымдарға іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінеді.";
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты үшінші адам (бұдан әрі – есеп беретін адам) алған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен расталған сенімхат ұсыну қажет. Сенімхат мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысының (орталық атқарушы органның бірінші басшысының, аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның немесе осыған уәкілетті басқа адамның) және мемлекеттік органның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылған мемлекеттік органның ресми бланкісінде беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14926 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу Министрліктің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
Іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақүйде тұруын және баратын пунктіне дейінгі көліктік шығындарын төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шет мемлекеттерге сапарлары барысында өкілдік мақсаттарға арналған, сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары үшін автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерін төлеуге арналған қаражат бөлінген жағдайда, Аппарат басшысының бұйрығы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқаратын адамның қарары негізінде қабылданады.
Шетелдік делегацияларды "аса жоғары деңгейде" және/немесе "жоғары деңгейде" қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколына сәйкес делегация деңгейі Аппарат басшысының бұйрығында көрсетіледі.
Аппарат басшысының өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы бұйрығы жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылданады.
Объективті себептерге байланысты Аппарат басшысының бұйрығын жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Аппарат басшысы іс-шара өткен күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде өкілдік шығындарды өтеу туралы бұйрықты қабылдайды.
Егер делегацияның Қазақстан Республикасында болу бағдарламасында өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасына шақырылған шетелдік делегациялардың қатысушыларына іс-шараларға қатысу үшін межелі пунктінде тұру үшін қаражат бөлу кезінде іс-шарадан 1 (бір) күн бұрын және 1 (бір) күн өте есептік уақыт алынады.
Шетелдік делегацияның қатысушысына тасымалдау шығынына қаражат бөлген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағының шегінде іс-шараның өткізудің соңғы пунктіне дейін бағыты ескеріледі.
Шетелдік делегацияларды "аса жоғары деңгейде" және/немесе "жоғары деңгейде" қабылдаған жағдайда іс-шараның деңгейін анықтауды Министрлік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына сәйкес жүзеге асырады.
Шетелдік делегациялардың Қазақстан Республикасына сапарлары барысында екіжақты қатынастар деңгейіне байланысты және өзара тепе-теңдік қағидатын ескере отырып, Қазақстан тарапынан басшы ретінде мемлекеттік органның бірінші басшысымен не оның орынбасарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында көрсетілмеген өзге лауазымды адам айқындалады, бұл ретте мұндай адам Министрліктің Мемлекеттік протокол қызметімен келісілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қатысуымен экспорттық-импорттық қызмет және инвестициялар тарту мәселелері бойынша "жоғары деңгейде" өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына сәйкес шетелдік делегациялар үшін ресми қабылдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан болатын қатысушылардың санынан аспауы тиіс.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өкілдік шығындарға бөлінген ақша қаржы жылының ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Министрлікке түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы Аппарат басшысының бұйрығына өзгерістерді уақытылы енгізу үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жолдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Аппарат басшысының бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.";
12-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аппарат басшысының уәкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған бұйрығының негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде (Қазынашылық департаменті) қолма-қол шетел валютасын алу мақсатында Министрліктің лауазымды адамына сенімхат береді;";
13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде жұмсалатын өкілдік шығындар үшін қаражат алуға уәкілетті лауазымды адамдар іс-шараны өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Министрлікке республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөрімен расталған және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы растаған өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні береді.".
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Нурышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі
___________ сомасына (АҚШ
доллары немесе еуро) Аванстық есеп
"Бекітемін" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы Жүргізілген шығыстардың орындылығын растаймын ____________________________ (қолы) күні "___" _______20___жыл |
Аванстық есеп № ______________ "___" ___________20____жыл 20____жыл
______________________ № ___________ негіздеме
Іссапарға жіберілушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________
Есеп берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Іссапар мерзімі __________________________________________________________
Бағдарлама ______________________________________________________________
Ерекшелік _______________________________________________________________
Елдің атауы ______________________________________________________________
Валютаның атауы _________________________________________________________
Валютадағы операцияның атауы 1еуро/АҚШ доллары үшін теңгенің Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банктегі бағамы теңгедегі баламасы
____________________________________________________________________
20____жыл_________________ қарызы
№ шығыс кассалық ордері бойынша __________________________________ алынды.
Барлығы __________________________________________________________ алынды
Шығыстар ________________________________________________________________
20______жыл ______________ № сметасы бойынша қалдық ______
Оның ішінде авиабилеттер:
Мынадай сомаға: есеп берді.
Корреспонденттік субшот | Сома | |
Дебет | Кредит | |
1 | 2 | 3 |
________________________________________________________________
іссапарға жіберілген адамның/есеп берушінің қолы
Күні ____________________________________________________________
Аванстық есепті қабылдаған _______________________________________
Аванстық есепті тексерген _________________________________________
Басқарма басшысы _______________________________________________
Аванстық есеп іссапар аяқталғаннан кейін үш күннен
кешіктірілмей ұсынылады парақтың сыртқы беті
Шығындарды толық таратып көрсету (шетел валютасында)
Іссапарға жіберілген адам | Шығыс түрі | Шығыс түрі | сома |
Барлығы |
________________________________________
іссапарға жіберілген адамның/есеп берушінің қолы
___________________________________________________________________
барлық есептерге растаушы құжаттар қоса беріледі
Өкілдік шығыстар Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі Бастығының,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысы орынбасарының,
Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысының, Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының немесе мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдарын жіберген кезде өкілеттік берілген адамның қолы елтаңбалық
мөрмен расталған актіге сәйкес есептен шығарылады. Ескерту Қосымша төленді:
Іссапарға жіберілген адам | Шығыс түрі | Авиабилет нөмірі | Сома | Жеңілдік | Сома |