Бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның балық өсіру материалын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өсімді молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 31 наурыздағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 наурызда № 22443 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның балық өсіру материалын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өсімді молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстарының вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а
С. Брекешев

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынмен, балық өсіру материалдарын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өсімді молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 77-13) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 156-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі – Кәсіпорын), балық өсіру материалдары мен бекіре тұқымдас балық дарақтарын, олардан өсімін молайту мақсатында жыныс өнімдерін алып қойғаннан кейін, тірі күйінде өткізу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балық өсіру материалы – балық өсіру объектісіне қарай, су айдындарына балық жіберуге арналған дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары;

      2) кәсіпорын – биологиялық әртүрлілік пен генофондты сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіруді жүзеге асыратын, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

      3) сатып алушы – өнімді кәсіпорыннан сатып алған жеке және заңды тұлғалар.

      4) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу.

      3. Балық өсіру материалдарын кәсіпорын су айдындарына балық жіберу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері шеңберінде барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін іске асырады.

      4. Бекіре тұқымдас балық дарақтарын тірі күйінде өткізу, олардан өсімін молайту мақсатында жыныс өнімдерін алғаннан кейін жүзеге асырылады.

2-тарау. Балық өсіру материалын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өткізу тәртібі

      5. Кәсіпорынмен өткізілетін тауарларға, балық өсіру материалдары және жыныс өнімдері өсімін молайту мақсатында алынып қойған, тірі күйдегі бекіре тұқымдас балық түрлерінің дарақтары жатады.

      6. Балық өсіру материалдарын және бекіре тұқымдас балық дарақтарын, олардан өсімін молайту мақсатында жыныс өнімдерін алып қойғаннан кейін, тірі күйінде өткізу, Кәсіпорын мен Сатып алушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.

      7. Кәсіпорын тауарды сату кезінде сатып алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 22092 тіркелген) Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық анықтаманы ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады