"Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 22517 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және (немесе) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) басым шартты тұтынушылар – жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы аталған тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;

      3) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;

      4) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      5) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;

      6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындар, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      9) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      10) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) операциялық шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      12) резервтік қор – қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

      13) тасқындық электр энергиясы – Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;

      14) техникалық экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектіcін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасы деңгейінен аспайтын тариф;

      15) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      16) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      17) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын бірінші қарашаға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына айларға бөле отырып, болжанатын жылға арналған электр энергиясын желіге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпарат жібереді.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қаржы-есеп айырысу орталығы жыл сайын болжамды жылдың он бесінші қаңтарына дейін нақты және болжамды деректердің негізінде:

      1) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша болжамды жылға жаңартылатын көздерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және тасқындық электр энергиясын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының болжамды жиынтық өндірісін есептеуді;

      2) электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша келесі есепті жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалған шығындар туралы әрбір шартты тұтынушының және басым шартты тұтынушының болжамды үлесін есептеуді;

      3) жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланудан және тасқындық электр энергиясынан өндірілген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағаты есебімен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға болжанатын шығындарды есептеуді;

      4) қаржы-есеп айырысу орталығының шығындарын электр энергиясын тұтыну аймақтары арасында кейіннен барабар бөлу мақсатында электр энергиясын тұтынудың тиісті аймақтары арасында алдағы жылы шартты тұтынушылар мен басым шартты тұтынушылардың желіге босатуына жоспарланатын электр энергиясының болжамды көлемдерінің арақатынасын есептеуді жүзеге асырады.

      8. Қаржы-есеп айырысу орталығы болжанатын жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланудан және тасқындық электр энергиясынан өндірілген және Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есебімен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалған шығындар туралы ақпаратты, сондай-ақ есепті жылға электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті жариялайды.

      9. Тұтыну аймағына қарай болжанатын жылға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф Қағидалардың 7-тармағында көзделген есептеулерге сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТZi = (ҚЕАООШ +Штеңг+ ШРҚ +ЭШ)/Vсп мұнда:

      Tzi – Zi тұтыну аймағына есептелген жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі;

      ҚЕАООШ – қаржы-есеп айырысу орталығының Zi тұтыну аймағына жататын операциялық шығындары;

      Штеңг – Zi тұтыну аймағына жататын электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар;

      ШРҚ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалатын, Zi тұтыну аймағына жататын резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      Zi – тұтыну аймағы;

      ЭШ – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын және Zi тұтыну аймағында қалыптасатын тасқындық электр энергиясын сатып алуға арналған жылдық шығындары, олар мыналардан қалыптасады:

      жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде бекітілген босату тарифі жоқ, жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдарда тіркелген тарифтер бойынша және (немесе);

      жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдардан аукциондық бағалар бойынша;

      жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен бекітілген және келісілген босату тарифі бар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың ТЭН-дегі тарифтері бойынша;

      қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдардан аукциондық бағалар бойынша;

      тасқындық электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша.

      ЭШ=(Штір.гидро * Vп + 1+... + Штір.гидро * Vп + N+Штір.жел*Vп + 1+... + Штір.жел*Vп + N+Штір.күн * Vп + 1 + ... Штір.күн * Vп + N+Штір.био * Vп+1 + ... + Штір.био * Vп + N)+(Шаукц.гидро * Vп+1+ ... +Шаукц.гидро * Vп + N+Шаукц.жел*Vп + 1+... + Шаукц.жел*Vп + N+Шаукц.күн * Vп + 1 + ... +Шаукц.күн * Vп + N+Шаукц.био * Vп+1 + ... +Шаукц.био * Vп + N+Шаукц.ТҚҚ * Vп + 1 + ... +Шаукц.ТҚҚ * Vп + N)+(Ш.тэн.гидро1 * Vп+1+...+Ш.тэн.гидроN * Vп + N+Штэн.жел1 * Vп+1 + ... + Штэн.желN*Vп + N + Штэн.күн1 * Vп + 1 + ... + Штэн.күнN * Vп + N + Штэн.биогаз1 * Vп+1+... + Штэн.биогазN * Vп+N+ Штас * Vп + 1 + ... + Штас * Vп + N), мұндағы:

      Штір.гидро үшін гидро –шағын ГЭС-терге арналған тіркелген тариф;

      Штір.жел – жел электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Штір.күн –күн электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Штір.био – биогаз электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Шаукц.гидро – ГЭС үшін аукциондық баға;

      Шаукц.жел – жел электр станциялары үшін аукциондық баға;

      Шаукц.күн- күн электр станциялары үшін аукциондық баға;

      Шаукц.биогаз - биогаз электр станциялары үшін аукциондық баға;

      Штэн.гидро1 – 1-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Штэн.гидроN – N-ші шағын ГЭС үшін ТЭН – дегі тариф;

      Штэн.жел1-1-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Штэн.жел-N – N-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Штэн.күн1-1-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Штэн.күнN-N-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Штэн.био1-1-ші биогаз электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Штэн.БиоN-N-ші биогаз электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Шаукц.ҚТҚ – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері үшін аукциондық бағасы;

      Штас – тасқындық электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның бағасы (шекті тариф);

      Vп+1-жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын 1-ші объектімен өндірілген және желіге жіберілген электр энергиясының көлемі және (немесе) тасқындық электр энергиясының көлемі;

      Vп+N – жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын N объекті өндірген және желіге жіберген электр энергиясының көлемі және (немесе) тасқындық электр энергиясының көлемі;

      Vп – жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын әрбір объект өндірген және желіге жіберген электр энергиясының көлемі және (немесе) тасқындық электр энергиясының көлемі;

      Vсп-жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының және қаржы-есеп айырысу орталығы Zi тұтыну аймағына сәйкес сатып алатын тасқындық электр энергиясының жылдық жиынтық көлемі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны өндірудің, желілерге босатудың болжамды көлемдері туралы ақпарат ұсынады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау кезінде өзіндік құнында мынадай шығындар ескеріледі:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындары;

      2) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалған шығындар;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары;

      4) резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады