БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15928 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарына:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және лауазымды адамдарға жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі