Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22623 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өндіріс тоқтатылған (таратылған), болмаған жағдайда немесе жұмыс өндірісінің бекітілген жоспарына сәйкес құрылыс үшін талап етілетін мерзімде жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы отандық тауар өндірушілерді жазбаша растай отырып, өндіріс көлемі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қажетті қажеттілігін жаппайтын болса, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құндық көрсеткіштерден аспаған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушінің келісімі бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық өндірушіге ауыстыруды жүргізеді, бұл ретте құрылыс/жаңғырту/реконструкциялау мерзімі мынадай объектілер үшін:

      6 айдан аспайтын - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей;

      6 айдан 1 жылға дейінгі - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей;

      1 жылдан астам - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілерге жүгінуге тиіс.

      Отандық тауар өндірушімен жазбаша растау ұсыну регламенті тапсырыс беруші (мердігер) өтініш берген сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды. Отандық тауар өндірушімен жазбаша растау мерзімінде ұсынылмаған жағдайда тапсырыс беруші (мердігер) тиісті растаусыз ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс берушімен бекітетін, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаумен қол қойылатын хаттама ресімделеді;";

      көрсетілген бұйрыққа 3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жаңа объектілерді және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруды, қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, жобаланған объектінің жауапкершілік деңгейін төменде көрсетілген параметрлер бойынша тапсырыс беруші айқындайды:

      1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:

      осы Қағидаларда көрсетілмеген, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және № 353 бұйрыққа сәйкес солай деп сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер;

      атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және одан жоғары жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) және одан астам түтін мұржалары;

      аралығы 100 м (метр) және одан астам, биіктігі 50 м (метр) және одан биік және (немесе) жүк көтергіштігі 32 тонна және одан астам крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;

      геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      ауысымда 480-нен артық адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері, сондай-ақ 50-ден астам төсек орынға арналған стационарлары бар аурухана ғимараттары;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 500-ден астам адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 1200-ден астам адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      200 және одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      жобалау құжаттамасында мынадай сипаттамалардың кемінде біреуі:

      тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар қоспағанда, биіктігі 50 м (метр) астам;

      өндіріс объектілерін қоспағанда аралығы 50 м (метр) астам;

      15 м (метр) асатын консольдің болуы көзделген конструктивті шешімдері және (немесе) конструкциялары бірегей құрылыс объектілері;

      жердің жоспарлау белгісінен 10 м (метр) астам төмен жерасты бөлігін немесе жерасты қабатының санын екіден астам тереңдету;

      оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттері ескеріле отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялар мен конструкциялық жүйелердің болуы;

      тергеу изоляторларын, түзеу колонияларын, түрмелерді қоса алғанда, инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері және басқа да объектілері) бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;

      өзге құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) және одан астам мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      I және II сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін, I, II және III санаттағы жерасты мұнай, мұнай өнімдері және газ қоймалары;

      қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) жоғары газ тарату желілерінің объектілері;

      I және II сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);

      өнімділігі тәулігіне 10 000 м3 (тәулігіне текше метр) және одан астам сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      диаметрі 800 мм (миллиметр) және одан жоғары магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      биіктігі 100 м (метр) және одан биік теледидар мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 220 кВ (кило Вольт) астам электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      Iа санатты автомобиль жолдары (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 және одан астам) және олардағы құрылыстар;

      елді мекендер шегіндегі магистральдық жүрдек қозғалыс жолдары, жалпықалалық маңызы бар магистральдық үздiксіз қозғалыс көшелері және олардағы құрылыстар;

      бірыңғай кешен ретінде салынатын магистральдық теміржолдар;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) және одан астам көпір құрылыстары;

      теміржол және автомобиль жолдары тоннельдері;

      метрополитендер;

      әуежайлар, ұшу-қону жолақтары және өзге де авиациялық инфрақұрылым объектілері;

      спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;

      ғарыш айлақтарын қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілері; ұшыру кешендері және тасымалдағыш зымырандарды іске қосу қондырғылары; ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері; команда беру-өлшеу кешендері; ақпаратты қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер; ғарышты зерттеудің ғылыми-экспериментальдық базасы; антенналық кешендер; обсерваториялар; тәжірибелік өндірістер; ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар; объектілердің қауіпсіздігі мен инженерлік-техникалық беріктігін қамтамасыз етуге байланысты ғимараттар мен құрылыстар;

      азаматтық қорғаныс объектілері;

      көлемі жылына 100 мың және одан астам тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі I, II және III сыныпты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар;

      2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі түтін мұржалары;

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан жоғары және алаңы 2000 шаршы метрден жоғары қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін, сақтау қоймалары) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі, биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан (қоса алғанда) 32 тоннаға дейінгі крандары бар өндіріс объектілері (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа да өнеркәсіп салаларының объектілері);

      элеваторлар;

      сақтау көлемі 500 т (тонна) (қоса алғанда) астам астық қоймалары;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал басының саны 1500-ден (қоса алғанда) астам мал шаруашылығы кешендері мен фермалар, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-нан астам (қоса алғанда) шошқа шаруашылығы);

      мал басы саны жылына 6 млн. бастан (жылына млн. бас) (қоса алғанда) асатын құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) астам (қоса алғанда) жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ. (сағатына тонна) (қоса алғанда) астам құрама жем заводтары мен цехтар;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда) күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 3 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;

      оқушылар саны 600 астам орта мектеп (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары (қоса алғанда);

      бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;

      вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан асатын (қоса алғанда) тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;

      өзге құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      III және IV сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың IIIб және IIIв санатындағы жерасты қоймалары;

      қысымы 1,2 МПа (МегаПаскаль) дейінгі (қоса алғанда) өндірістік мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      қысымы 0,3 МПа-дан (МегаПаскаль) 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);

      өнімділігі тәуілігіне 500 м3 (текше метрден) 10 000 м3 (текше метрге) дейін (тәуілігіне текше метр) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      траншеясыз әдіспен орындау кезінде шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен су жинау құрылыстары;

      шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) бастап (қоса алғанда) 800 мм (миллиметр) дейінгі магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      тұрғындар саны 500 адамнан жоғары (қоса алғанда) жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) және одан жоғары, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) жоғары сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;

      магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі телевизиялық мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 35 кВ бастап 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      Iа (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 кем), Iб, II, III санаттарындағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) дейінгі көпір құрылыстары;

      9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалық және ауылдық елді мекендердегі көшелер мен жолдар, өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);

      жекелеген жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;

      көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі IV сыныпты утты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму полигондары;

      3) техникалық жағынан күрделілерге жатпайтын жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан кем (қоса алғанда) және алаңы 2000 шаршы метрден кем (қоса алғанда) қоймалар, тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден кем, биіктігі 12 метрден кем және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі крандары бар өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа өнеркәсіп салаларының объектілері);

      сақтау көлемі кемінде 500 т (тонна) астық қоймасы;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал шаруашылығы кешендері мал басының саны 1500 басқа дейінгі мал шаруашылығы фермалары, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-ға дейінгі шошқа шаруашылығы;

      мал басы саны жылына 6 млн. басқа (жылына миллион бас) дейінгі құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) дейінгі жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ-қа (сағатына тонна) дейінгі құрама жем зауыттары мен цехтар;

      ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан асатын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;

      жайылымдарды суландыру жүйесі;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейін (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 МВт (Мега Ватт) кем күн энергиясы пайдалану бойынша объектілер;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық (гидрогеологиялық және инженерлі) және сейсмикалық жағдайларға қарамастан, жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үйлер;

      жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандарға арналған әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      ауысымына 50-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      сыйымдылығы 50 орынға дейінгі қоса алғанда қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      жоғары және орта арнайы оқу орындарының ғимараттары;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      50-ге дейін (қоса алғанда) жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      сыйымдылығы 50 балаға дейін (қоса алғанда) мектеп-интернаттарының, балалар демалыс лагерьлерінің демалу корпустарының ғимараттары;

      сыйымдылығы кемінде 600 оқушы жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;

      бір мезгілде 10 бірліктен аспайтын (қоса алғанда) көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда), жер астындағы биіктігі 2 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтары;

      вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан аспайтын тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;

      жалпы ауданы 20 шаршы метрден асатын дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;

      өзге құрылыстар:

      0,3 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) қысыммен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      өнімділігі тәулігіне 500 м3 дейін (тәуілігіне текше метр) (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      траншеясыз тәсілмен орындау кезіндегі шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;

      шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су жинау ұңғымаларын мен құрылыстарын жайластыру;

      шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      тұрғындар саны 500 адамнан аспайтын жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) кем, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) кем (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейін (қоса алғанда) электр беру желілері мен өзге де электр желілік шаруашылық объектілері;

      кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт (Киловатт) асатын электрмен жабдықтау желілерін салуды;

      байланыс желісінің аймақтық және жергілікті желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;

      IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      4) жауапкершілігі III (төмендетілген) деңгейдегі объектілер:

      екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер;

      жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;

      алаңішілік байланыс желілері;

      жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыру;

      бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын (қоса алғанда) балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;

      контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар);

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар;

      маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары;

      автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждар;

      желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеу;

      шағын сәулет нысандары және аумақты қоршау;

      ашық спорт алаңдары, тротуарлар, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеу;

      технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеу және ауыстыру;

      инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғау;

      жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар);

      тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан учаске беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);

      өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);

      кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт (Киловатт) дейінгі электрмен жабдықтау желілері;

      әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт дабылы жүйесі;

      аулалық үлгідегі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және су бұру желілері;

      жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілері және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау.";

      14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кернеуі 110 кВ (кило Вольт) дейінгі әуе және кабельдік электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілерін қоса алғанда жатпайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 189 бұйрығына
қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын жүзеге асыру
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Мердігер:

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Құрылыс:

      _____________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы)

      Объект:

      _____________________________________________________________________

      (атауы)

      _______________ № _______Мердігерлік шарт (келісімшарт)

Орындалған жұмыстар актісі ____________(жылы, айы) ________ жұмыстары үшін

      Негіздеме:

      20___ жылғы ағымдағы бағада жасал(ды)ған тенге

Нөмірі

Норматив позициясының шифры

Жұмыстар мен шығындардың атауы, өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі

Саны

Бірліктің құны

Реттік саны

Смета бойынша

Барлығы

Машиналарды пайдалану

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

машинистердің жалақысы

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Орындалған жұмыстар

Үстеме шығыстар

ҮШ жэне СП құнының жиынтығы, теңге

Жасалған елі

Барлығы

Машиналарды пайдалану

Материалдар

сметалық пайда

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

машинистердің жалақысы

жабдық, жиһаз, мүкәммал

9

10

11

12

13

14








Тапсырды (Мердігер)


Қабылдады (Тапсырыс беруші)

_______________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру
нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)


__________________________
(ұйымның атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі немесе жеке
сәйкестендіру нөмірі)

_________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)


___________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның
толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): ______________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер немесе авторлық қадағалау

      сарапшысы(лары): _________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)

      Ескертпе:

      1. Нысан ресурстық әдісті пайдалану арқылы құрылған сметалар бойынша орындалған жұмыстар актілері үшін қолданылады.

      2. 14-бағанда, орындалған жұмыстардың актісінде бөлек жолақта ескерілген сол материалдық ресурстар және жабдықтардың мәліметі көрсетіледі.

      Орындалған жұмыстар актісіне Материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомості

      ___________________________________________________

      (ғимараттың, үйдің, объектінің, құрылыстың атауы)

      Негізі:

      Орындалған жұмыстар актісі__________________

Р/с №

Ресурстар кодтары

Ресурстар атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Тауардың шығу тегі (қазақстандық / шетелдік)

СТ-KZ Сертификаты (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7








      Материалдар (ранжирленген тәртіппен)

      Жабдық (ранжирленген тәртіппен)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады